Адам және қоғам психикалық денсаулығы – өзекті мәселе. Ақ халаттылар соңғы уақытта денсаулығында кінәраты бар балалардың көптеп туылып жатқанына алаңдаулы. Психикалық ауытқуы бар азаматтарды қоғамға бейімдеп, ауруынан айығып кетуі жолында қандай бастамалар қажет? Бұл мәселе бүгін пленарлық отырыста талқыланды.


Дәрігер-психологтар мен невропотологтардың басын қосқан жиында мамандар өзара тәжірибе алмасты. Өзге елдердің ғалымдарымен пікір алмасып, оң нәтижеге жету жолында практикалық шешімдер қабылдады.


НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

--- Өз-өзіне қол салу, буллин, эпилепсия дейміз, барлық мәселе бір ғана психикалық ауытқуға алып келеді.


Елімізде аутизм диагнозы қойылған балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мамандар психикалық ауытқуы бар азаматтар қоғамға залал келтіру әрекеті де жиілеп кеткенін айтып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту мен дамыту – қоғам үшін маңызды мәселе. Бүгінгі бастама соның оң шешімі боларына сенім мол


 ГАУХАР БЕГАЛЫҚЫЗЫ, А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ

---  Бұл актуалды проблема болғандықтан, осы мәселе Халықаралық деңгейде көтеріліп жатыр.актуалды проблемалар көтеріліп жатыр. көптеген жұмыс атқарылып жатыр. бұл соның нәтижесі сіпеттес.


Бұл басқосуға білім, құқық қорғау саласының мамандары да арнайы қатысты. Сан алуан тақырып көтеріліп, оң шешімі қабылданды. Айтулы семинар психолог дәрігерлер үшін тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік сыйлады.