Түркістан облысында энергия тапшылығы болмайды. «Оңтүстік жарық Транзит» серіктестігі арнайы жобаларды қолға алып отыр. Мекеме өкілдерінің сөзінше «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Орталық» қосалқы станциясы мен «Яссы» станциясын жалғайтын тоқ көзі тартылып, жаңартылады.


Жобаны жүзеге асырмас бұрын «Оңтүстік жарық Транзит» серіктестігі тұтынушылар мен түрлі кәсіпкерлерді, қоғмдық бірлестік өкілдері мен салаға жауапты мамандарыдың басын қосып жиын өткізді. Жауаптылар облыс тұрғындарын сапалы электрмен қамтуға бағытталған жобаны жүзе асыру бойынша жоспармен таныстырды.


 НҰРКЕН АЛТЫНБЕКҰЛЫ, AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ ТОФ ЗАҢГЕР КЕҢЕСШІСІ

---   Бүгінгі ұсынып отырған үш жоба ең ірісі Түркістан қаласына тиесілі 3,5 миллиард деп жатқаны. Екі подстанцияны қосу,енді олар маман олар біледі енді. Қажеттілігіне қарай бізде индустриалды аймақта өндіріс орындары көбейіп жатыр. Инфесторлардың үш-төрт жобасы соған қажеттілігіне қарай түсіндіргеніне байланысты бір подстанцияның нагрузкасын түсіреміз дейді. Бағанағы екі жоба байынша бұрында өтіп жатқан 6 МВт энергияға тағыда қосымша 20 МВт энерги нагрузка көтеретіндей етіп өтіп жатыр 95 тен 150 ге. Олда керек нәрсе.


Бүгінде Түркістан облысында электр энергиясының тапшылығы байқалады. Облыс тоқ көзінің 70 пайызын сырттан алып отыр. Ал электр желілері 57 пайызы тозған. Түркістан қаласының тұтынушыларын сапалы электрмен қамту мақсатында серіктестік «Орталық» қосалқы станциясы мен Яссы станциясы арасында қос тізбекті әуе электр желісін жүргізуді жоспарлап отыр.


ҚАЙРАТ СЕЙІТБЕКОВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТАРНЗИТ» АҚ-НЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

--- Түркістан облысында дифицит мошносьти ьар. Мысалыға айтарлықтай Төлеби, Сайрам, Ордабасы ауданында инвесторлар көп тұтынушылар жаңа нысандар салайын десе жаңа қосылып жатқан обектілерге біз үлкен көлемде техникалық шарт бере алмайтын үлкен мощностьқа. Сол себептіә 121-122 линия, 107 линия ауыстыру бойынша осы мәселені шешеміз қаншама тұтынушыларға техникалық шарт бере бастаймыз, инвесторларға шарт бере бастаймыз. Бұл 20 МВт қа дейін көтеріледі.


«Орталық» қосалқы стансасы Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, қалаға 5 шақырым қашықтықта орналасса, «Яссы» стансасы шаһар маңындағы «Қазақстанның 30 жылдығы» елді мекеніне жақын жерде тұр. Айта кетейік үш жобаны жүзег асыру үшін компания 4 миллиард 575 миллион теңге қаржы қарастырып отыр. Оның 4 миллиардқа жуығы қос станция арасында желі тартуға жұмсалады.