Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада үшінші жыл қатарынан топ жарды. Оқушылар төрт бірдей медаль иеленіп, үздік атанды.


 Косовоның Приштина қаласында өткен халықаралық байқауға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қатысқан. Қазақстанның намысын қорғаған төрт оқушы да жүлдегер атанып, үш қола және бір күміс медаьдарын жеңіп алды. Айта кетейік, қазақстандық арулар аталған олимпидаға 2012 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында олар 3 алтын, 12 күміс және 15 қола медальдарын қанжығалаған.