Шымкенттік оқушы ҰБТ-дан 138 балл жинады. Оның сыныптастары да 130 ұпайдан жоғары жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Шәкірттер шаһардағы Техникалық лицейде оқиды. Жастар өздерінің жетістіктерін оқу ордасындағы сапалы білім мен ұстаздар құрамының мықтылығымен байланыстырып отыр. Шын мәнінде Техникалық лицейдің оқыту әдістемесі қандай? Тілшіміз танысып қайтты.


Техникалық лицей 1997 жылдан бері білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында табанды еңбек етіп келеді. Материалдық-техникалық база, оқытушы құрамның беріктігі білім ұясын талай жетістікке жетелеген. Жас ұрпақтың бойына сапалы біліммен қатар рухани тәрбиені сіңіріп отырған бірден-бір оқу орны.


БАУЫРЖАН ӘЛИЕВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ

---  Көзі ашық, көкірегі ояу, өрісі кең, тынысы ашық ұрпақ тәрбиелегіміз келіп отыр. негізгі мақсатымыз осы ұлта қызмет ететін балаларды жетілдіріп өсіру. Ол үшін қазір ұстаздарымыз да өз біліктілігін шыңдап жатыр.


Білім ұясында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс істеп тұр. 5-9 сынып оқушылары дәрістен соң өз қарым-қабілетіне қарай түрлі бағытта қосымша білім алады. Ал 10-11 сынып оқушылары үшін ҰБТ дайындық ерекше.


НҰРАХЫМ ҚАНАТБЕК, ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ ОҚУШЫСЫ

Осы жерде ағайлар көп білім беріп, бізге кәсіптік бағдар береді. Біз сол арқылы жүреміз.


Жасұлан Тәліпбай политехникалық лицейде 5 сыныптан бері оқиды. Алғашында оқу үлгерімі орташа болған. Ұстаздық құрам баланың әлеуетіне ашу арқылы білімге деген құштарлығын арттырған.


ЖАСҰЛАН ТӘЛІПБАЙ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ ОҚУШЫСЫ

Мен сол 138 балл алдым. Ол менің ұстаздарымның еңбегі. Өзім де көп дайындалдым. Ағай-апайлардың көрсеткені бойынша оқыдым.


Лицейде робототехника, информатыика сыныбы мен заманауи жабдықталған физика-химия кабинеттері жұмыс істейді. Оқушылар физика-математика пәндеріне екпін беріп оқытылып, соның нәтижесінде талай додадарда топ жарған.


 Айтып өтейік, Техникалық лицей жекеменшік білім ұяларының қарашаңырағы. Талай жылдан бері сапалы ұрпақ тәрбиелеп отырған мектептің түлектері елдің туын асқақтатып жүр. Қазір лицейде 38 ұстаз 500-ге тарта баланы білім нәрімен сусындатып отыр. сіз де балаңыздың болашағының жарқын болғанын қаласаңыз, Техникалық лицейді таңдауға кеңес береміз. Қазыбек би,33/2 мекен-жайындағы білім ордасына 5-11 сынып оқуышыларын шақырады.