Абай ауданындағы 27 елді-мекенде 55 мың-нан аса тұрғын үй бар. Онда 260 мыңға жуық халық тұрады. 1300-ге жуық көше, 230 әлеуметтік нысан тағы бар. Ондағы халықтың әл-ауқат, тұрмысы қалай? Тұрғындарға жасалған жағдай жайлы ма? Инфрақұрылым мәселесі қай деңгейде? Осы және өзге де сауалдар аудан әкімінің қатысуымен өткен баспасөз отырысында талқылынады. Жиынға қатысып қайтқан әріптесім Қанат Жолдасбек тарқатып айтады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
--- Аудан әкімі Шәкір Сұлтанханның сөзінше, тұрғындар көбіне-көп инфрақұрылым мәселесін сөз етіп, арыз-шағым түсіреді. Әсіресе аудандағы жол деңгейі көңіл көншітпей, наразылықтарға сеп болады. Жауапты басшы жыл соңына дейін олқылық түзетіліп, асфальттау мен көшелерге жарық шам орнату мәселесі толық шешілетінін айтты.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Биыл негізгі жоспарда 100 пайыз жарықтандыру болған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес оған асфальттауды да қостық. Жыл соңына дейін 100 пайызға аяқтаймыз.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Ауданда бұралқы иттерден зардап шегіп, жиі арызданатындар көп. Тұрғындардың тынышын алып, қапыда қабатын жануарлар жайынан жауапты басшы хабардар. Тиісті мамандар жұмылдырылып, жұмыс жүйелі жүргізілуде, - дейді ол. Шәкір Сұлтанхан ит асыраушы тұрғындарға үндеу жасап, бос жібермеуін сұрайды.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Ит ұстау рәсімі бар ғой. Тұрғындар соған амал етсе екен дейміз. Кейде оқыс жағдайларда егесі артынан келіп бұл менің итім деп жатады.» -
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
--- Баспсөз отырыс әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, Аудан әкімі журналисттер жолдаған сауалдарға жауап берді.