Мегаполисте «Жас құтқарушы» қалалық слетінің кезекті сайысы өтті. 25 мектептен 200-ге жуық оқушы қатысты. Олар 5 кезең бойынша бақ сынасты. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына әрі ТЖД 30 жылдығына орайластырылды. Тілші бейнематериалында.
Жыл сайын өтетін «Жас құтқарушы» сайысының мақсаты - жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу және осы салаға қызығушылығын арттыру. 15 жастағы Батырбек бақ сынасу барысында мамандықтың оңай еместігіне көз жеткізді. Алайда соған қарамастан ол болашақта өзін құтқарушылар қатарынан көреді.
БАТЫРБЕК БЕКЗАТ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
--- Шымкент қаласында тұрамын,Қарабастау ауылында. 142жом 9сынып оқумын, жасым 15 те. Болашақта осы мамандыққа түскім келеді. Осы мамандық ұнайды, адамдарды құтқарып, көмектескен ұнайды.
Оқушылар 5 кезең бойынша сынға түсті. Жауынгерлік киім кию, қайық есу, алғашқы медециналық көмек көрсету, өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. Төрешілер команданың шапшаңдығына, ауыз біршілігіне қарап бағалады. Қатысушылар үшін қиынға соққан кезеңнің бірі – қайық есу.
АСҚАР ШӘРІП ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ.
--- Шомылу маусымында бізде қала аумағындасу қоймалар,өзендер қаналдар бар.Ол жерлерде шомылуға қатаң тиым салынған, бірақ дегенмен де тұрғындар арасында бұл ескертулерді елемей суға шомылып жатқан жайттар болады. Соның салдарынан суға кету немесе суға бату жағдайлары орын алады.
АБУБӘКІР ТАШТАЕВ «МҰРАГЕР» РҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ.
--- Жаңағы шетелге шығуға кішкене өзіміздің көмегімізді тигізудеміз.Құдай қаласа Белоруссия еліне барып, біздің оқушылар бірінші орын алады деген сенімдемін.Барлықтарына табыс,аманшылық тілеймін.
Додада топ жарған құрам республикалық кезеңге өтеді. Ал Қазақстан бойынша жеңіске жеткен топтың халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндігі болмақ.