Әр жылдың 18 сәуірінде әлем жұртшылығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Адамзаттың ортақ мұрасы болып саналатын, өткеніміз бен бүгінімізді таразылайтын жәдігерлер мен мәдени нысандарды сақтап, қорғаудың маңыздылығы зор.
Мәдени мұра – әрбір халықтың тарихы мен рухани байлығын айғақтайтын құндылық. Сондықтан бұл күннің халықаралық деңгейде атап өтілуі тегін емес. Атаулы күн қарсаңында «Шымкент қаласы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» кітабының тұсауы кесілді. Тарихи туындыда шаһардың көне ескерткіштері мен қорғауға жататын мекендердің жай-күйІ, тарихы жазылған. “Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің” ұйымдастыруымен өткен іс-шарада “Шым қала” тарихи кешенін дамыту мүмкіндіктері мен археологиялық ескерткіштерді сақтау мәселелері сөз болды. Жиынға археология, реставрация және сәулет саласының мамандары мен ғалымдары қатысып, өз ойларын ортаға салды. Олар Шымкент аумағындағы тарихи нысандардың сақталуы мен зерттелуі жайында пікір алмасты. Археологиялық ескерткіштерді сақтау жолдары мен оларды ғылыми тұрғыда зерттеудің жаңа тәсілдері де ұсынылды.
ЖАНДОС ҚҰРБАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қатар, жаңа жарық көрген “Шымкент қаласы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы” және “Ұлттық кітап күніне” орай ұйымдастырылған “Мәртебелі кітап” апталығы да таныстырылды. Тарихымызды зерттеп, сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз Ескерткіштер – біздің тарихи жадымыздың айнасы. Оларды сақтау – ұлттың өз болашағын қорғауы