Түркістандық оқушылардың қауіпсіздігі күшейе түспек. Полиция департаментінің жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері жергілікті әкімдік өкілдерімен бірлесіп жол белгілерін қайта жаңартты.
Олар мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге келер жолдардың бойындағы жолақтар мен жаяу жүргінші өткелдерін қалыпқа келтірді. Нәтижесінде, 70 дана «Абайлаңыз балалар» паносы, бұдан бөлек 40 дана белгі орнатылды. Сондай-ақ 8 жаяу жүргінші жолағы мен 20 мектеп жаны жарықтандырылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ, -дейді polisia.kz