Баланы жасық қылмай өсіріңіз. Ойын ашық айтатын перзенттің асығы алшысынан түседі. Ортада өзін еркін ұстап, кез-келген жағдайда мәселесін жеткізетін тұлға болып қалыптасады. Ал проблемамен бетпе-бет келгенде шешер жолын таба алмай қалатын балалар кейде өкінішті жағдайға ұрынып жатады. Іштегі тірегін, «МЕН»-ін таппаған жасөспірімдер тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Педагог-психолог мамандар осындай пікірде. Мұндайда тәрбиені қалай беру керек? Сюжеттен білейік.
Бала тәрбиесі – ұлт болашағын тәрбиелеу. Қазіргі қоғамда көп ата-ана баласының жылап қалмауын, қиындық көрмеуін қалап, оның барлық тілегін орындайды. Бірақ бұл әдіс кейде баланың өз бетінше өмір сүру қабілетін әлсіретіп, оның жасық боп өсуіне ықпал етеді,-дейді мамандар.
ӘСИЯ ОРАЗОВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
--- Әлеуметтік қысым. Ол мектепте, өзінің исынып ортасында баланың шетте қалып кетуі балаға әсер етеді. Ата-ананың да қысымы болады. Бала оқуға түсу кезде ата-ана сен оқуға түсу керексің деп міндеттейді. Ол дұрыс емес.
Жасық бала — өз ойын ашық айта алмайтын, қиындықтан қорқатын, өз бетімен шешім қабылдауға қиналатын тұлға. Мұндай балалар көбінесе ата-ананың шамадан тыс қамқорлығынан немесе керісінше сенімсіз қарым-қатынасынан пайда болады. Сондықтан болашақ педагогтер баламен жұмыс істеуді күшейткені абзал.
АЯУЛЫМ ОРЫНТАЙ, СТУДЕНТ
--- Мектепке барғанда баламен жеке жұмыс істеуге тырысамыз. Ішкі ойын білуге тырсамыз. Балалар көбнесе ата-анасымен, достармен келеңсіз ситуациялық жағдайдан шығуға жәрдем беріп, соған тырысамыз.
Баланы жасық қылмай өсіру – бұл баланың тұлға ретінде еркін дамуына жол ашу. Ол үшін ата-ана қорғаушы ғана емес, бағыттаушы, қолдаушы болуы тиіс. Психологтардың айтуынша, еркін, батыл, жауапты тұлға болып өскен бала суицидтік әрекетке бой алдырмайды.