Қозы көрпеш пен Баян сұлу күнін тойлайтындар саны жыл сайын артып келеді. Өңірде ғашықтар күнінде арнайы 36 жұп некесін қидырған. Қосылмай кеткен қос жұптың махаббатын аңсайтындар да аз емес. Әдетте тұрғындар ғашығына сезімін қалай білдіреді екен? Әріптесім Әсел Ерболқызы көшеге шығып, аға жеңгелеріміздің жастық шағын есіне түсіріп келіпті.
ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ
--- Кешіксем асықтырғаның, Жолымды тосып тұрғаның Ұнайды, ұнай береді Себебі, ғашықпын жаным. Байқағаныңыздай ғашықтық ғаламға жар салып, айқайлау емес. Десе де аға жеңгелеріміз, апа жезделеріміз сезімін ашық білдіре бермейді. Бүгінгі экспериментімізде тұрғындар жұбайларын қалай еркелетеді екен. Сұрап көрейік.
---- Мені жұбайым алтыным, алла қосқан жарым, жан жарым, махаббатым. Солай.
---- Есімі Райкүл. Раечка, Райкул, Рая әртүрлі. Обстановкаға байланысты. Кейде Раайкүүл, эй Райкүл дейтін күндер де болады.
---- Бір Бірімізді жаным деп еркелетеміз
---- Жылы сөздің өзі еркелік қой. Жаным, күнім. Сол ел не айтады, бізде соны айтамыз.
---- Әрине еркелетемін, жақсы көргесін еркелетемін
15 сәуір – Ғашықтар мерекесі. Мәңгілік махаббат символына арналған Қозы көрпеш пен Баян сұлу күні 2011 жылдан бері аталып өтеді. Жылдан жылға атаулы күнді асыға күтіп, мейрамда жүрек сырын шертетіндер қатары көбейген.
ДИАНА ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, АХАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ
--- Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жыл басынан бері осы 3 ай бойында 1596 жұп отбасын қүрған болатын. Ал бүгін 15 сәуір Қозы көрпеш Баян сұлу күнінде 36 жұп өздерінің некеге тұрамыз деп өтініш білдірген болатын. Өзденіңіз көріп тұрғандай 1 жұп салтанатты түрде тіркелуде.
Дегенмен дәл осы датаны таңдап күтіп, некесін қиятындар да баршылық. Көз алдымызда бір шаңырақтың шырағы жанды.
ХАСАН ОСМАНҰЛЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Қозы көрпеш баян сұлу күні екен. Осы күнге таңдадық. Специально осы күнге таңдадық.++00:19 Осы неке қию күнін осы күні өткізіп жатқанымызға өте қуаныштымыз.
Қазақстандықтар отбасы құруға асықпайтын болған. Экономикалық зерттеулер ұйымының мәліметіне сүйенсек, орта есеппен 28-29 жасында отау құратын ер азаматтар бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр. Бұл тізімді 26 жасында тұрмысқа шығатын Алматылық арулар жалғастырады. «Есесіне екінші рет үй болатындар көбейген» - дейді мамандар.