Қалада 700-ге жуық көпқабатты үй тұрғындары жылу қаржысын үнемдеп келеді. Себебі пәтер егелері жаңа жылу есептегіш құралын орнатып алған. Бұған дейін коммуналдық қызметке 10-15 мың теңге беріп келгендер енді қаржының елу пайызын үнемдеп отыр. Жылу жүйесіндегі жаңашылдық жайында әріптесім дайындаған бенематериалдан көрейік.


Жаңа есептегіш құрылғы тұрғындардың қаржысының жартысын үнемдеуге септігін тигізіп отыр. Мәселен, бұған дейін 3 бөлмелі пәтер егесі жылуға 13-14 мың теңге төлеп келсе, есептегіш құралын орнатқаннан кейін 6-7 мың шамасында ғана төлеп келеді.


 АЙСАРА ЖҮНІСБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

--- Бірақ өте тиімді екен, 45 пайызға төмен түсті төлемақысы. Үй көпқабатты үйде тұрғындар көп болған сайын төлемақы азаяды екен. Бізде 60 пәтердің 48-і төлейді. 12 автономка екен. Соның өзінде 45 пайыз арзан төлеп отыр екен. Тұрғындар оған дән риза. Декабрьде 3 бөлмелілер 13 200 тг төлеген еді. Осыдан кейін 6700 тг төледі. Екі бөлмелер 9200 тг еді, 5300 тг болды. Бір бөлмелілер 6300 тг төлейтін еді 3200 тг төледі.


РАПИЯ ЖҰМАШҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

---  Халықтың барлығы риза, оплатасы 50 пайызға кем болып шығып жатыр. Счетшиктің бағасы да соның ішінде. Коммуналдық қызмет ішінде. Мынау көрші үйде биыл бізден үлгі алып қойды. Оларда қуанып отыр. 10-12-8 кемінде шығатын қазір 6 мың, бесмы, шығады. Максимум 7 мың.


Қуатжылу орталығынң мамандары жылу есептегіш құралдарының тиімділігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда қалада 2154 көпқабатты пәтердің 300-іне есептегіш құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр.


 МЕЙРАМБЕК ШЫНБАТЫРОВ, «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

---  Бұл жерде математикалық есеппен қарайтын болсақ, бір отопительный сезонға 53 мың теңге шығатын болса, оның 15 мыңнан 25 мыңға дейін сумма есептеуге болады. Жылу есептегіш құралын орнату мақсатында. Қалабойынша 2154 көпқабатты пәтер болса соның бүгінгі таңда 700 де ғана құрылғы бар. Әл қоятын пәтерлер көп бізде. Бұл цифравизация және лизинг бағдарламасымен 4 жылға бөліп төлеуге халыққа ұсынып отырмыз.


Айта кетейік, құрылғының қаржысы коммуналдық төлеммен бірге келеді.