23 сәуір - ұлттық кітап күні. Президент ұсынымымен енгізілген мерекелік дата – ақылына ақы сұрамайтын данышпанды насихаттап, көпке дәріптеуді көздейді. Биыл алғаш рет республика көлемінде тойланатын іс-шара Шымкентте кітап жәрмеңкесімен басталды.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Өз саласының жілігін шағып, майын тауысқан математик Асқар Жұмаділдаев: «Әңгіме көп кітап оқуда емес, керек кітапты тауып оқуда» дейді. Бұл ойды Марк Твев де жетіре келіп: «Жақсы кітап оқимайтын адамның оқи алмайтын адамнан айырмашылығы жоқ» деген ұстанымды ұсынады. Хош, керек кітапты қайдан тауып оқимыз? Мәселенің түйіні «Арбаттағы» кітап жәрмеңкесінде тарқатылады. // 578_AMANTAI9534 //
Оқырманға жөн сілтеп, бағыт-бағдар беру мақсатында әрбір баспа мен кітапхана ұжымы келушілерге өз өнімдерін жіті таныстырып, нұсқау берді. «Қасым» баспа үйінің өкілі Әсел Амангелдінің сөзінше оқырман белсенділігі жоғары. Сұраныстағы кітаптардың басым бөлігі махаббат тақырыбындағы хикаяттар.
ӘСЕЛ АМАНГЕЛДІ, «ОҚЫРМАН» КІТАП ДҮКЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
– «Көбіне Дәлат Исабековтың махаббат тақырыбындағы шығармаларына сұраныс мол. Біз көбіне оқырманға М.Мағауинді ұсынамыз. Балалар әдебиетіне сұраныс мол.» \
Кітап күні қарсаңында оқырман апталығы бастау алды. Іс-шараның ашылу салтанатында жазушы, драматург Захардин Қыстаубаев сөз алып, оқулықтың озық тұстарына үңілді. Сөзінше, кітап оқу ойлау жүйесін жетілдіріп, есте сақтау қабілетін еселейді.
ЗАХАРДИН ҚЫСТАУБАЕВ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ
– «Компьютеді игеру керек, одан мәлімет алу керек. Бірақ нағыз білім, терең білім ол кітапта»
Ұзын-сонар кітап керуенін тамашалауға келген оқырман қарасы қалың. Түрлі баспа сан қилы бағыт ой еңбектерін ұсынып, талғамға сай туындыларды көрмеге тізген. Бағалары да қол жетімді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«20 теңгеге не алуға болады? Бір дана сағыз. Бір дана құрт. Меніңше бұл соммаға бұдан артық ештеңе келе қоймас. Бірақ мына менің қолымдағы туындылар жәрмеңгекеде 50,20,100 теңгеден сатылып жатыр»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Кітап оқу – рухани кемелдіктің қайнар көзі. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады» деп атап өтті. Ұранды ойды негізге алған Мәдениет басқармасы апталық аясында кітапханалар белсенділік танытып, оқырман сұранысына сай әрекеттенетінін айтады.
МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Осы аралықта «Арбат» алаңында және кітапханаларда түрлі іс-шаралар, қаламгерлермен кездесулер өткізілетін болады»
Іс-шара аясында қаламы қарымды жазушы, ақын Нұрхан Сәменбеттің «Үкікөз», «Күн сәждесі» атты туындыларының тұсауы кесіліп, оқырманға таныстырылды. Кітап жәрмеңкесінің соңы концерттік бағдарламаға ұласып мәдениет саласының қызметкерлері ән салып, күй шертті.