Amanat партиясының өкілдері сайрамдықтардың түйткілді мәселелерін тыңдады. Шешімін таппай жүрген 30-дан аса адамның арыз-өтінімін қабылдап, сұрақтарына тұщымды жауап берді. Аманаттықтармен бірге жүрген тілшіміз Шынар Әуелбай тақырыпты тарқатады.


СУЛАЙМАНОВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Әр кварталда аудандығы бар, қалалығы бар, көшпелі қабылдауларға шығып отырамыз. Негізі Сайрам тұрғын алабында көптеген көшелерге 40 жылдан, 50 жылдан астам тұрғындар тұрады. Бірақ, әлі жол мәселесі шешілмеген.  Бұл мәселелерге қаланың даму бағдарламасына сәйкес, жоспарлы түрде жұмыстар атқалылып отырады. Қаратау ауданы әкімдігі мен қалалық әкімдікпен немесе жол транспорт басқармасымен келісіліп, мұның даму жоспарына сәйкес атқарылып отыр…

ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ: 

Жыл басынан бері 2000-нан астам тұрғынның мәселесі қаралып, оның 80 пайызы шешімін тапқан. Көшпелі қоғамдық қабылдау жоспарға сай әр аудан тұрғындарымен өткізіліп келеді.