Қаратауға әкім тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен, қала әкімінің өкіміне сәйкес жаңа басшы жұмысына кірісті. Енді Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі - Алмас Емелтайұлы Абаев.
Алмас Емелтайұлы 1990 жыллы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туған. Білімі жоғары. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін және Италияда Тор Вергата университетін бітірген. Мемлекеттік сатып алу саласының халықаралық магистрі.
БАХАДЫР НАРЫНБЕТОВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
--- Ол кондидатураны бізге екі күн алдын ұсынылған. Өмірбаянын қарап шықты депутаттардың барлығы. Біз осы жерде жүріп оның қызметін көріп жатырмыз. Сонғы кезде мемлекеттік сатып алу саласында сот процестерінің азайғаны сапалы өтіп жатқанын көріп жатырмыз.
КСМ: Жаңа басшы депутаттар алдында өзінің жоспарымен бөлісті. Қарқынды дамып жатқан ауданда әлі де атқарылар шаруалар көп екендігін тілге тиек етті.
АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
--- Жол қауіпсіздігі мен жайлылық. Сапасыз жолдар халықтың жүріп тұруына ғана кедергі келтірмей олардың өміріне де қауіп келтіреді сөзсіз.Сондықтан біріншіден жолдардың сапасын оның ішінде Мирас, Нұртас, Бозарық шағын аудандарында жолдардың жөнделуі аса назарға аударылады. Бұл тұрғыда қоғамдық белсенділерді тарта отырып,мердігерлердің жөндеу жұмыстарынжүргізу сапасын қатаң бақылау болады.
Сонымен қатар Алмас Абаев Тұран ауданында жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барын салмақ. Шағын аудандарда аяқ жолдар салып, жаңа бағдаршамдар орнатуды көздейді. Инфрақұрылым мәселесі де күнтәртібінен түспейтінін жеткізді.