«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл». Абайға қарап ой өрген оқырман Пушкин кітапханасында бас қосып, Қозы көрпеш-Баян сұлу мерекесін атап өтті. «Түнгі кітапхана» айдары аясында ұйымдастырылған іс-шарада кітап сүйер жастар өзара пікір алмасып, қазақ өлеңдерін жатқа оқыды.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Қалқам мен Лермонтов, Пушкин емен, Ессенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өолеңі қасиетім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Йә, қара өлеңнің қыр-сырына үңіліп, қоржынын ағытуды көздеген оқырман поэзия алаңында бас қосып, ғашықтар күнін жырға қосты. // C4873 //
Ақмарал Серік – жасынан кітап оқып, өлең жаттауға құмартқан. Қазір ол университет жанынан құрылған «Айқап» кітап клубының төрайымы. Замандасқа жөн сілтеп, бағыт бағдар ұсынатын ару: «біздің клуб айына екі-үш шығарманы тауысып, оның мән-маңызын талқылайтын. Қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып, түйіткілді мәселелерге де үн қатады», - дейді.
АҚМАРАЛ МЕЙРАМБЕК, «АЙҚАП» КІТАП КЛУБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
– «Абайдың 180 жылыдғына орай Хәкімнің де өлеңдері оқылып, шырқалатын болады. Тақырып махаббат болғандықтан ән де поэзияда осы тақырып аясында болады. Кешті өткізудегі басты махсат жастарға бүгінгі кешті, махббат күнін рухани атап өту.»
Былтыр бастау алған «Түнгі кітапхана» жобасында жастар кітап талқылап, ән мен жырдан шашу шашады. Бұл - аталған айдардың үшінші жиыны. Ғашықтар күніне арналды. Сондықтан да лирикалық шығармалардың дені сезім қылын шертетін махббатқа негізделген.
ГҮЛМИРА СЕРАЛИЕВА, НЕГІЗГІ КІТАП ҚОРЫН САҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
– «Аталмыш сараға қаламыздағы «Айқап», «Кітап ал» оқырмандар клубының белсенді жастары келіп қатысып отыр.» «Жастарымызға Қозы көрпеш Баян сұлу сияқты ғашықтарды таныстырсақ дейміз» - «Және де ұлттық рухқа тәрбиелеу»
Ұйымдастырушылар аталған жоба алдағы уақытта да жалғасатынын айтады. Кітап талқыға қатысып, ой-пікір бөлісемін дейтін оқырманға әрдайым кітапхана есігі ашық.