Спортшылар бой емес, ой жарыстырады. Ө.Жәнібеков университетінде «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярау» саласының студенттері бас қосып, пәндік олимпиада бастауын алды. Оған республикамыздың түрлі аймағынан 21 жоғары оқу орынының студеттері келген. Екі күнге жалғасатын байқауда болашақ маман тест тапсырып, арнайы жоба қорғайды.
Дамир Қанағат – сайысқа Семей қаласынан келген. Ұлттық спорттың ұлықталып, кеңінен дәріптелгенін қалайтын студент жанына мүдделестерді жиып жоба құрастырған. Баста мақсат – қазақы ойындарды көпке насихаттап, шет елдерге таныту. Осының аясында терең ізденіп, мол ақпарат жинаған өрен «шешім жолы – заманауи технологияларда» - дейді.
ДАМИР ҚАНАҒАТ, СТУДЕНТ
– «Қазіргі заманға сай цифрландырып, инфроқұрылымды жетілдіру арқылы осы жобаны сәтті іске асыруға болады.» «Мектеп оқушыларына ұсынып, нәтижесін көргенбіз. Бүгін соны көрсетеміз»
Жарыста 21 университеттен келген, 42 команда бақ сынысады. Олар қазақ және орыс топтарына бөлініп, алдын-ала даярлаған жобаларын қорғайды. Ал жарыстың екінші күні әрбір қатысушы жеке-дара тест тапсырып, индивидуал білімін көрсетеді.
ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Спортшыларымызды даярлайтын педогогтардың рухы да жан, тән саулығы да жоғары болуы керек. Әсіресе теориялық білімдері теерең болуы керек. Бүгінгі сында олар теориялық білімдерімен қатар практикалық білімдерін де сынға салатын болады
Жоба қорғау барысында тексеруші комиссия студенттердің ойлау қабілетін сынға алып, ұсынылған жұмыстың өзектілігін басты орынға қояды. Басты мақсат – болшақ педогогтердің мамандыққа деген сүйіспеншілігін жетілдіріп, қарым-қабілеттерін ұштау.