Еліміздің 12 өңірінде жылу маусымы аяқталды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғыт Есімханов орталық коммникациялар қызметінде хабарлады. Оның айтуынша, солтүстік аймақтарда жылыту мерзімі сәуірдің соңына дейін жалғасады. Биыл бұл салада технологиялық бұзушылықтар 27%-ға төмендеген. Жылу электр орталықтарында тозу деңгейі 61%-ға дейін азайған. Жылу желілерінде де айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Ведомство басшылары алдағы жылыту маусымында ешқандай қиындық тумас үшін, дайындықты қазірден бастап кеткен.
СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
--- Алдымыздағы 5 жылда 2 трлндай қаражат бөлу жопарланып отыр. Ол 77 мың шақыырмнан астам электрожелілерімен, қоымша қосалқы станциялардың бәрін жөндеуі бар. Жылу желілерін 1 трлннан артық қаражат бөлініп, 1622 шақырым жылу желілерін күрделі жөндеу жүргізуі бар.