Шымкенттік университет енді «Луий витон», «Гучи» сынды танымал брендтерге мақта материалын өндіріп береді. М.Әуезов университеті Кореялық «Хён» корпорациясымен меморандумға қол қойып, «Ақылды ферма» жобасын іске асыруға келісті. Ғалымдар жоба аясында күн мен желден энергия алып, егінге қажетті су мөлшерін 90 пайызға үнемдеуді көздеп отыр. Толығырақ Қанат Жолдасбек тарқата айтады.

Елімізде бұрын-соңды болмаған жоба жоғары класты мақта өндіруді көздейді. Құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар мен құрылғылар арнайы Кореядан жеткізіледі. Соңғы үлгідегі фирмаға шетелдік компания 1 млн АҚШ долларын бөлген. Инвесторлар құрылыс жұмыстарын 2 айда аяқтап, 8 ай эксперимент жүргізуді жоспарлап отыр. Ғылыми іс-қимылдарды кореялық мамандар сүйемелдеуімен университет доктаранттары жүргізбек.

ЧА ДАЕ РО, «ХЁН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Біздің басқа емес Қазақстанды, М.Әуезов университетін таңдауымыз мұндағы мамандардың, студенттердің жоғары қарым-қабілетіне сенім артқандықтан. Ортақ жобаны жүйелі, сәтті жүзеге асырарымызға бек сенеміз.»

Ғылыми жобаға Нобель сыйлығының иегері, университет профессоры, оқытушы – Квон Чунг жетекшілік етеді. Кореядан инвестор тартып, жаһандық брендтермен келісім жүргізіп жатқан да осы азамат. Сөзінше, бұл екі жақты ынтымақты күшейтіп, қазақ ғылымына серпін береді.

 РАЕ КВОН ЧУНГ, НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
«Біз бұл фермада өндірісті жаңа әдіс-тәсілдер көмегімен өндіріп, жоғары сападағы өнім алуға қол жеткіземіз. Мұндай жоба Қазақстанда ғана емес, әлемде болмаған. Жоба сәтті жүзеге асса біздің мақтаға әлем назар аударады. Қазір танымал брендтермен келіссөз жүргізу үстіндеміз.»

Университет ректоры ақылды ферма шаруашылықта жиі кездесетін су тапшылығын жойып, аграрлық салада өзгеріс жасарына сенімді. Жоба университет студенттеріне мол тәжірибе жинақтап, сұраныстағы маман болуға көмектеседі.

 ДАРХАН АХМЕТ-ЗАКИ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ РЕКТОРЫ
 – «Біздің тарапымыздан құрылыс жұмыстары, ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізіледі.»  «Бұл таза ғылыми жоба, мұны игеріп алған студенттер әрине сұраныстағы маманға айналады.»

Көміртегі жоқ органикалық өнімдерді өндіру – бұл климаттық шиеленістерді тоқтатуға мүмкіндік береді. Осылай деген қос тарап тиісті меморондумға қол қойып, жобаны сапалы атқаруға уағдаласты.