Түркістан облысының Келес ауданында білім бөлімінің 23 қызметкері сотталды. Бөлім басшысы мен есепшілер екі жыл бойы бюджеттің қаржысын талан-таражға салған.
Сөйтіп мемлекетке 812 миллион теңгеден аса залал келтірген. Яғни, білім мекемелерінде жұмыс істемеген адамдардың есебіне ақша аударып, оны жымқырып отырған. Аудандық сот бөлім басшысы мен жеті есепшіні 7 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы бесеуі 280 млн теңгеге жуық материалдық залалды қайтарғаны үшін жеті жылға шартты жаза арқалады. Қалған 10 қызметкерге 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.