Назира голдтан тәркіленген алтын бұйымдар 17 келіге жетті. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері пирамида ұйымдастырушылар 65 адамға 551 миллион теңге залал келгенін айтады. Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен яғни, қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

 Назира голдты жақтаушылар өткен жексенбі күні баспасөз конференциясын өткізген еді. 100-ге жуық азамат қаладағы тойхананың бірінде бас қосып, қамауға алынған күдіктіні дереу босатуын сұрады. Ал Шымкент қаласының әкімдігі аталған жиын заңсыз ұйымдастырылғанын айтады.  


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-РЕСМИ ӨКІЛ
---  Сағат 11:00 де Жеті жол кафесінде 100 ге жуық  Назира голд салымшыларымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылған. Жиынды ұйымдастырушы адвокат Тілеужан Кішкенбаев. Жиналғандар қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген азаматшаны қамаудан дереу босатуды талап етті. Түсіндіру жұмысы жүргізілгенне кейін сағат 12:00 де тарады.  

Пирамида ұйымдастырушылардан тәркіленіп жатқан автокөлік пен жылжымайтын мүлік саны да артып келеді. Бұған дейін екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алынғаны айтылса, тексеру жұмыстарынан кейін көлік саны 44-ке жеткені белгілі болды.


 НҰРСҰЛТАН БАРХЫБАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А, МАЙОР  
--- Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларымен кеңселеріне тінту амалдарын жүргізу барысында яғни қылмыстық жолмен алынған  жлпы 402 млн теңге ақша қаражаты, 17 келі салмағы алтын бұйымдар және құны 564 млнтеңге тұратын  44 жылжымалы және 3 жылжымалы мүліктерге сотпен тыйым салынып іспен біріктірілген. Қазіргітаңда іс бойынша 65 жәбірленушіге 551 млн теңге залал келгені анықталып, іске біріктірілген болатын.

Мониторинг агенттігі Шымкентте 4 қаржы пирамидасын анықтаған. «Назира голдқа» байланысты 5 азамат күдікті деп танылып, оларға бұлтартпау шарасы көрілген. Күдіктілер санының өсуі әбден мүмкін.  


ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ПОЛКОВНИК
--- Қаржылық пирамида еректері бойынша 4 факт туркелді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Енді өздеріңізгебелгілі ҚК 201 баына сәйкес қылмыстық істің басқа дәйектері қылмыстық іске зиян келмейтін мөлшер деп біз ары қарай айта алмаймыз. Назыира голд бойынша қазіргі таңда алынып, тәркіленген заттар тыйым салынған заттар бойынша ақпараттар берілді.

 Бұған дейін әлеуметтік желіде Назира голдтың алтын бұйымдарын сатуға лицензиясы бары айтылып, төрт-бес дүкені заңды жұмыс істеп тұрғаны жазылған еді. Алайда бұл ақпаратты департамент өкілдері жоққа шығарып отыр. Сөздерінше алтын бұйымдарын саудалаумен «Назира голд» заңсыз айналысып келген екен.  


НҰРСҰЛТАН БАРХЫБАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А, МАЙОР  
--- Назира голдтыңбірнеше дүкендері, оның кәсіппен айналысатын пайда таабу көздері анықталған жоқ. Ол тек қана қауесет бойынша сөз жүріп жатыр. Себебі оның атына жеке кәсіпкерлік тіркеліп, қандай бір салық төленген туралы мәліметтер интернет желісінде жарияланып жатыр. Бұл мәліметтердің барлығы біз әрқайсысына өзінің құқықтық бағасн беріп дер кезінде тексеру жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңдатергеумен ондай ешқандай мәлімет анықталған жоқ.

Жиында департамент өкілдері «Назира голдтан» тәркіленген барлық заттар зардап шеккент салымшылардың ақысын өтеуге жұмсалатынын айтты. Бірақ мұның барлығы сот шешімімен жүзеге асырылады.