Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл күні 25 азамат денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына қатысты өзекті мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, аулалардың инфрақұрылымы, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қала басшысы азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын назарға алып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Барлық мәселелер белгіленген мерзімдермен бақылауға алынып, өтініш иелеріне тапсырмалардың орындалу барысы туралы кері байланыс жасалады.