«Абай ілімі: Толық адам негізіндегі бүгінгі ұстаз бейнесі». Шымкентте осындай атаумен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шарада Абайды оқытудағы педагогтердің білімін арттыру оқу әдістемесіндегі мәселелер бойынша пікірлер ортаға салынды.
Ауқымды шара Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылды. Конференцияда адам тәрбиелеуде алып күшке айналған Абай мұрасын жас ұрпаққа сіңіру жайы айтылды. Педагогтер оқу-әдістемелік шеберлікті арттыру бойынша озық тәжірибелермен бөлісті.
ХАНЗАДА ДОСЖАН, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ
--- Толық адам іліміндегі ақыл, қайрат , жүрек сияқты ұғымдарды ұстаз қалай жүзеге асыру керек. Сол ғылыми мақаламды баяндаймын. Яғни өзімнің тәжірибемен бөлісемін.
Абай әлі қырлары ашылмаған жұмбақ ілім. Абайды тану арқылы адамзат өзін таниды. Рухани жетілеледі. Әлі де бай мұрасы зерттеліп бітпеген ұлы ақынды жас ұрпаққа танытуда ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.
АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, «МҰХТАРТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ҚЫЗМЕТКЕРІ
--- Абайдың ашылмаған қырлары көп. Басқасын қойғанда, Абайдың текстология мәселесінде толық зерттелмеген. Абайдың шығармаларын зерттеумен айналысып жатырмын. Соған 10 жыл болды. Көптеген сөздердің басқаша оқылатынын байқауға болдаы.
Бұл жиын жоғары оқу орындары мен орта білім беру ұйымдары педагогтерінің мәдени, рухани байланысын нығайтты. Әрі тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік берді. Ұстаздардың зерттеу дағдыларын дамытуға жол ашты.
ЖАРҚЫНАЙ АРЫСБАЕВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
--- «Абай ілімі: Толық адам негізіндегі бүгінгі ұстаз бейнесі» аясында Ұлы Абай ағартушы боллса, бүгінгі ұстаз кім? Міне осы бойынша өздерінің озық тәжірибеоерімен бөлісетін болады.
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы екі бағытта ұйымдастырылады: теориялық және практикалық алаң. Ұстаздар өз тәжірибесін жинақтау арқылы рефлексивті дағдыларын дамыту бойынша үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді анықтады.