Шаhар төрінде шымкенттік еріктілер бас қосты. «Волонтерлікке қадам бас» атты форумға халықаралық деңгейдегі спикерлер арнайы шақыртылып, еріктілік қызметтің үздік тәжірибелерімен бөлісті.


 Форумда еріктелер жұмысының бағыттары талқыланып, әлемдік тәжірибедегі озық үлгілер айтылды. Әуелі білім беру, экология, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытында бастамалар көтерілді. Осы салада талай жылын сарп етіп жүрген мамандар еріктілердің білімін, құқықтық, қаржылай сауаттылығын арттыру жөнінде де кеңінен талқылады.


ҚАЙЫРЖАН БӨГЕНБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

--- Жалпы бұл жерде тәжірибе алмасу, жас волонтерларымыз. Жалпы Шымкент қаласы бойынш, білесіз волонтерлік қозғалыс қарқынды түрде дамып келеді. Волонтерлеріміз алдыңғы жылдан қарағанда жасөспірімдер санатындағы волонтерлер өте көп дамып келе жатыр. Қазір мектептерде көптеп жалпы тәрбие сағаты, ашық сабақтарда еріктілік деген түсінік дамып кеоле жатыр. 03:32


Қазірде қоғамға қалтқысыз қызмет етуге дайын еріктілердің қатары көбейіп келеді. Республикалық деңгейде 15 ұйым болса, Шымкент қаласы бойынша, 3000-ға жуық волонтер әртүрлі бағытта қызмет етеді. Нина Аронова да солардың қатарында. «Лидер» қоғамдық еріктілер ұйымында 5 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жыл басынан 200-ге тарта жоғалған адамды іздестіруге атсалысыпты.


 НИНА АРОНОВА, ЕРІКТІ

--- Біздің командада 14 адамға жуық ерікті бар. 5 жыл ішінде жоғалған жандардың жақындарына көп көмектестім. Жан-жануарларды да тауып беруге атсалысып жүрмін. Мұндай игі шараларға жалындап тұрған жас қыз-жігіттерді көптеп тарту керек. Себебі, бізден көрі олардың күш-қайраты көп, әрі шапшаң қимылдайтын болады.Процесс те сол кезде жылдам жүреді.


Жастар Ресурстық орталығы, волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің өзі «Таза Қазақстан» жобасы аясында 8 айдың ішінде өзен- көл, ауыл-аймақтардың ауласын тазалап, 2000 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарған. Оған 2000-нан аса ерікті жұмылдырылды.