Қысқы маусым аяқталысымен қаладағы көпқабатты үйлерге жылы су беріле бастады. Қуатжылу орталығының мамандары алдымен құбырларды тазалап, пәтерлерге ыстық су беріп жатыр. Оның рахатын Сайрам шағынаудан тұрғындары көруде.
Айнұр Назенова жылы судын рахатын алғашқылардың бірі болып көріп отыр. Сайрам шағынуданындағы көпқабатты тұрғын үйге көшіп келгеніне 4 жыл болыпты. Екі жыл қатарынан газ колонкасын қолданып жүрген ол былтырдан бері «Қуатжылу орталығы» мекемесінің жылу қазандығына қосылған.
АЙНҰР НАЗЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Біз былтырға дейін газ колонкасын қолданып келген болатынбыз. Былтырдан бері жылы су қосылды бізге. Жақында ғана жылыту маусымы тоқтағаннан кейін жылы су қосылды. Жақысы болып қалды. Бүгіннен бастап қолданып жатырмыз. Рахмет!
Орталыққа қарасты №3-ші аудандық қазандық осы айдың 7-сінен бастап жылыту маусымын ресми түрде аяқтаған еді. Енді бүгіннен бастап тұрғын үйлерге жылы су беріп жатыр. Алдымен Сайрам шағынауданында 32 көпқабатты тұрғын үй қамтылады. Одан соң басқа да аумақтарға берілетін болады.
ӘБДІСАТТАР ӘПЕТАНОВ, «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
--- Сайрам шағнауданынан басқа Север, Восток, 16,17,18 бен Отырар шағынауданына жылы су береміз. Соның бүгін Сайрам шағынауданына беріп отырмыз 32 үйге. Қалғандарын ертеңнен бастап қосамыз. Үш күннің ішінде қаланың барлығына жылы су беруді аяқтаймыз.
Аудандағы №3-ші қазандық 217 көпқабатты үйді жылы сумен қамтымақ. Ал жаңа тұрғын үй кешендері жылы суды модульді қазандықтан алатын болады.