Бүгін Таулы Қарабақ ардагерлерінің Қарабақ жерінен шығарылғанына тұп-тура 34 жыл. Осыған орай, қаланың Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалында олардың жанқиярлық ерлігі айтылды.
Алдымен ел намысын қорғап, қаза болған ардагерлерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алған жиын мемориалға гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Артынша іс-шараға демеуші болған азаматтар «Батыр шапағаты», «Ардагер құрметі» төсбелгілерімен марапатталды. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 200-ге жуық Таулы-Қарабақ қақтығысына қатысқан ардагер тұрады. Ал Ерлік мұражайында олардың ерлігі жайын толғайтын арнайы бұрыш ашылып, жалпы саны 5392 экспонат қойылған. Мұның барлығы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, рух пен елге қызмет ету сезімін сіңіруді мақсат етеді.
МҰРАТ АМАНБАЕВ, «ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШҚФ ТӨРАҒАСЫ
--- Бұл іс-шараның маңыздылығы – ұрыс ардагерлері, Отан соғысы ардагерлерінің жастардың есінде мәңгі сақтау.Ерліктің ұмытылмайтыны, қашанда бағаланатынын жастарға үлгі етіп жатырмыз. Шымкент қаласындағы Қарулы күштер, Желтоқсан оқиғасына, Тәжік-ауған соғыс ардагерлері, Семей сынақ, Чернобыль, осы қоғамдық бірлестіктерінің ардагерлерінің барлығы қонаққа шақырылды.