Жетісайда қауын пісті. Алғашқы легі экспортқа шығарылмақшы. Ерте көктемде егілген өнім 70 күн ішінде көктеген. Енді шаруалар оны сұранысқа сәйкес көрші Ресей еліне жөнелтуде. Дақылдың дәмі, сапасы қандай? Келісі қаншадан саудаланбақ? Тілші тарқатып айтады.


 15 жылдық іс-тәжибесі бар шаруа Әл-Фараби Күзенбаев 50 гектар аумаққа қауынның «Нұр-Бакинка» және «Дампера» атты сорттарын егіп, 250 гектарына мақта шитін сепкен. Дақылы мерзімінде жетіліп, Ресейге 100 тонна қауын экспортталмақшы. Өнімнің келісі 400 теңгеге бағаланған.


Егіс алқабында 30-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Олар күнделікті еңбегі үшін 8-12 мың теңге аралығында ақы алады. Әл-Фараби Анарбайұлы әр гектардан орта есеппен 400 центнер өнім алуды жоспарлап отырмыз дейді.


Айта кетейік, өткен жылы ауданда 110 мың тонна мақта, 549 мың тонна бақша, 88,8 мың тонна көкөніс, 46,1 мың тонна дәнді және бұршақты, 67,7 мың тонна мал азықтық дақылдар жиналған болатын. Биыл меже жылдағыдан асады деп күтілуде дейді жергілікті шаруалар.