Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға 6 бөлмелі үй сыйлады. 20 жыл бұрын мектеп бітірген шәкірттер тіпті үйдің ішін қажетті жиһаз бен техника,ыдыс-аяғына дейін жабдықтап берді. Дәстүрлі шараға 4 бірдей білім ұясының түлектері атсалысты. Баспаналы болған отау иесінің үш қызы бар.Денсаулығына байланысты арбаға таңылып қалған.Жалпы қайрымдылық шарасы 8 жылдан бері жалғасып келеді. Тақырыпты қоныс тойын тойлаған отбасы қуанышымен бөлісіп қайтқан тілші жалғастырады.


Қаратаевтар отбасында бүгін ерекше күн.Өйткені көптен күтен баспанаға қол жеткізді. Отау иесі Елдар бірнеше жыл бұрын денсаулығына байланысты жүре алмай қалған. Өмірлік жары Гүлсім қиындыққа қарамай әрдайым күйуіне демеу болып келеді. Олардың отау құрып, шаңырақ көтергендеріне 19 жыл болыпты. Үш қыздары бар. Содан бері пәтер жалдап тұрып келген. Тағдыр тауқыметімен қол арбаға таңылған жігіт қайрымды жандарға деген ыстық ықыласын көз жасымен жеткізді.


 ЕЛДАР ҚАРАТАЕВ, ЖАҢА БАСПАНА ИЕСІ

Түлектердің біріншіден ата-анасына рахмет. Осындай бала тәрбиелеген. Екіншіден ұстаздарына рахмет. Дендеріне саулық бастарына амандық берсін. 


ГҮЛСІМ СМАЙЫЛОВ, ЖАРЫ

Керемет сезім ғой енді бұл. Қанша уақыттан бері армандадық. Өз күшімізбен жетеміз ба деп едік енді Алла осы кісілер арқылы осы жәрдемді жіберген шығар. Бұндай жағдай жасалаған деп ойлаған жоқпын. Алғысым шексіз осы 20 жылдық түлектерге.


 Қайрымды істің қайтарымы мол, демекші 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер бірігіп жер үй сатып алып, толықтай күрделі жөндеуден өткізді. Үйдің ішін қажетті жиһаз бен техника тіпті ыдыс-аяғына дейін жабдықтап берді. Ұлының қоныс тойына келген алтын құрсақты анасы қуанышын жасыр алмады.


КҮЛЗАДА ҚАРАТАЕВА, ЕЛДАРДЫҢ АНАСЫ

Басында жүрген азаматтарға рахмет,барлығына рахмет жақсылықтарыңыз Елдардан қайтпаса құдайдан қайтсын. Бәріміздің үйімізде бақыт қуаныш болсын.


Бұл бастама осыдан 8 жыл бұрын басталған. Сол кездегі түлектер де дәл осындай жандарға баспана сылап, игі-шараларын өздерінен кейінгі мектеп бітіргендерге аманат етіп табыстап кеткен еді. Содан бері бұл үрдіс жалғасын тауып келеді. Бүгін 8-ші отбасы баспаналы болды.


 ДАРХАН УСМАНОВ, 2005 ЖЫЛЫ МЕКТЕП БІТІРГЕН ТҮЛЕК

2005 жылғы түлектер 100 ден астам балдар жиналып осындай жағдайы жоқ отбасыға үй табыстау ниетіміз болды. Ауылдан өзіміз көріп жүрген адамдар бар соның ішінен іріктеліп осы бүгінгі беріп жатқан ағамызға келіп тоқтадық. Бұл үйді алғаннан кейін біз күрделі жұмыстар істедік. Бүкіл керек жарағын дайындадық. Тек қана кіріп тұрады.


 КӘРІМ БАЙБОЛОВ, МЕШІТ ИМАМЫ

Дана халқымыз айтады мұсылманның ең бір міндеті ,мұсылманның ең жақсысы мұсылманға пайдасын тигізген,дейді. Жылағанға жұбаныш, сүрінгенге сүйеу. 


2005 жылы мектеп бітірген түлектер жаңа үйдің ауласында 300 адамға ас беріп, ауыл ақсақалдары мен үлкендердің батасын алды. Бұл шағара аудан орталығындағы 4 бірдей білім ұясын бітірген бітірген түлектер ат салысты. Дәстүр бойынша өздерінен кейін мектеп бітірген түлектерге эстафеталарын тапсырды.