Шымкент - таза қала. Тұрғындар қоқыс тастау мәдениетін меңгеріп, қолындағы қалдықты арнайы жәшікке тастауды үйренген. Есесіне көше бойы мен өзен, көл маңында ешқандай қоқыс жатпайды. Бұл «Таза Қазақстан» эко-акциясының жемісі. Еліміз бойынша жалғасып келе жатқан игі іс-шара мегаполисте тоқтаған емес. Осы жолы белсенді жастар Бадам өзенінің маңын тазалады.


Шаһарды мұнтаздай етіп таза ұстау барлық шымкенттіктің міндеті. Осындай көзқарастағы жастар экологиялық акцияға үнемі атсалысады. Бұл жолы олар Бадам өзенінің маңайын тазалады. Әрине мұнда қоқыс бастапқыдағыдай көп емес. Себебі тұрғындар қалдықтарды арнайы жәшікке тастауды үйренген. «Жылдан аса уақыт жалғасып келе жатқан акцияның нәтижесі» дейді жастар. Тұран ауданының аумағында 3 өзен бар. Олардың жағалауында санитарлық жұмыс үнемі жүргізіліп, демалушылар аймағы ретке келтіріліп тұрады. Бұл жолы игі іс-шараға 40-қа жуық белсенді жас қатысып, санитарлық жұмыс жүргізді.


 АРУЖАН ӘЛЖАН, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Қазіргі «Таза Қазақстан» акциясы аясында ерікті жастар Бадам өзенінің бойын 5 шақырым жерді тазалап өтетін болады. Өзеннің арғы және бергі беті тазаланып, қаланың тазалығына және дамуына үлкен үлес қосып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы ол үздіксіз орындалып тұратын акциялардың қатарында болған соң ең бастысы адамның қаланы таза сақтау ғана емес, ол ортаның да сананың да тазалығы болып саналады. Сондықтан еріктілер бұл акцияға үлкен ден қойып жатыр. Қазіргі таңда 40 ерікті жас өзен боында тазалық жүргізуде.