«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына атсалысатын тұрғындардың белсенділігі төмендеген жоқ. Жергілікті халық бүгін Асар-2 шағын ауданын күл-қоқыстан тазартып, көшелерді ретке келтірді. Оларға коммуналдық мекеме қызметкерлері көмекке келіп, қураған шөптерді шауып, бұталарды кесті. Тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтарды шығарды.


Тазалық акциясына бір кісідей атсалысқан асар-2-ліктер көше бойларын сыпырып, мектеп айналасын қоқыстан тазартты. Жол жиегін жинастырып, ретке келтірді.


 ТҰРДАЛЫ ШЫНАСЫЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Қазір Асар-2 –де 17 мыңға жуық тұрғынымыз бар. Әлі де көпқабатты үйлер құрылып жатыр. Олар бітсе одан да халқымыз көбейеді. Осы орайда, тұрғындарға айтарым ауласын таза ұстаса деймін. Жан-жақтарыңызды тазалап отырсаңыздар. Ол қайта-қайта айтылып та жатыр. Лажы болса, тазалыққа бет бұрсаңыздар».


Тазалық жұмыстары барысында шалғайдағы шағын ауданның бос жатқан жерлері жиналып, әр үйдің ауласында тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Қураған шөптерді отасуға коммуналдық мекеме қызметкерлері көмекке келіп, апталық жұмысты бірер сағатта атқарып тастады.


ДІНМҰХАМЕД ШАНШАРХАНОВ, КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Асар – 2 мөлтек ауданындағы сенбілік жұмысын жүргізуге айдан бойынша бөлініп берілген бригадалардан 3 бригада әкеліп, жұмыс істеткізіп жатырмыз. Бұл жерде 2 бригада санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізеді. 1 бригада орақшыларды алып келдік. Олардың негізі өздеріне де бөлініп берілген аумақтары бар. Бүгінгі сенбілікке байланысты осы жерге көмекке әкеліп көшелердің шөптерін орғызып, Асар м/а ішінде бос тұрған жерлер көп соларды тазалатқызып жатырмыз».


Абай ауданы бойынша коммуналдық мекемеде 347 адам жұмыс істейді. Олар 13 бригадаға бөлініп, 27 елдімекен аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын сақтауда. Айтуларынша, айына аудан аумағынан 350-400 тоннаға дейін қоқыс шығарады екен.