Бос жатқан жер жау шақырады. Жазық даланы игеріп, қала соғу қажет. Бірақ, бұл мақсат өте үлкен мөлшердегі электр қуатын талап етеді. АЭС соғып, ГЭС салу қыруар қаржы шығындап, көп уақыт алады. Мұның ең тиімді шешімі – өздігінен ток өндіретін генератор. Осылай деген Сарыағаштық өнертапқыш жел, күн панельдерінің көмегінсіз-ақ электр қуатын жасап, өздігінен ток қалыптастыратын құрылғы олап тапқанын айтады. Экологиялық тұрғыдан таза, техникалық тұрғыдан қауіпсіз өнертабысқа Европалық компаниялар қызығушылық танытып, тапсырыс бере бастаған. Тақырыпты тілші тарқатады.
Марат Палмахов өнертабысын ықшамдап, автокөлік капотына орналастырмақ. Сонда электрлі машиналар тегін қозғалып, қуаттауды қажет етпейді. Құрылғы шалғай ауылдарға ток тартып, жарықтандыруға қолайлы. Өйткені аппарат электр бағаналары мен ток сымдарын қажет етпейді. Автор айтуынша, қуатты өздігінен өндіретін генератор басқа баламаларына қарағанда едәуір арзан.
МАРАТ ПАЛМАХОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ
– «Өзіне өзінің энергиясын жұмсайды. 9 киловольт болса оның 1 өзіне жұмсап, қалғанын ары қарай тасымалдайды.» «Аэспен не гэспен салыстыратын болсақ 10 есе аз қаражат кетеді бұған. Неге? Аэс салу үшін су қоймасы қажет.» «Платина салынады, дамы салынады.» -– «Ал бұған ол керек емес»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
– «Құрылғының жұмыс жасау принцпі қандай? Мұндағы генератор ток көзін өздігінен өндіріп оны мұндағы шағын акумляторларға жолдайды. Ал акумляторда қалыптасқан ток қорын біз діттеген мақсатқа қарай бағыттай аламыз.»
Жобаны құрастырып, қажетті жабдықтарын сатып алуға KAZ GENIX ЖШС демеушілік жасаған. Бүгінде құрылғыға зертханалық тексеріс тағайындалып, эксперимент жасалып жатыр. Бағдаурен Сабитовтың сөзінше компания өнертапқышпен бірлесе мұнан өзге де электрлік жоба даярлап, европалық серіктестеріне ұсынған. Шетелдіктер оны жіті тексеріп, қажетті сынақты жасамақ ниетте. Аппарат мақұлданып, жарамды деп танылса европалықтар тапсырыс беріп, сатып алуға дайын.
БАҒДАУРЕН САБИТОВ, KAZ GENIX ЖШС ДИРЕКТОРЫ
– «Үлкен маштапта шығаруға болатын болғандықтан алпауыт компаниялар ұсыныс білдіріп жатыр.» «Шетелдік компаниялар және өзіміздің де мұнай, әскери саласындағы компаниялар.» «Компанияның нгезігі мақсаты өнертапқыштары қолдау және тың идеяларды іске асыру.»
Құрылғыны жасап, құрастыру үшін Маратқа беделді ғалымдар емес, мектеп оқушылары асистент болған. 10 сынып оқушысы Намаз Ернұр үдеріс барысын бастан аяқ бақылап, өнертапқышқа көмекші болған. Инженер-физик болуды мақсат тұтқан өрен оқулықтан үйренген теорияны практикаға жалғап, үлкен тәжірибе алдым, - дейді.
НАМАЗ ЕРНҰР, ОҚУШЫ
– «Біз көбіне көмектесудің орынына үйрендік. Біздің практикалық ұстазымыз болды. Бізге айтылған барлық нұсқаулықты орындап отырдық.»
Компания құрылғыны кеңінен таратып «Қазақстаннан шыққан» деген атаумен саудаламақ. Бұл үшін қажетті авторлық құқықты тіркеп, жоба патентін алған. Алдағы уақытта да тың идеялар мен зерек өнертапқыштарды қолдап, демеушілік жасауға дайын екендерін айтады.