Енді Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары Алматы, Астана қалаларына сабылмай алыс-жақын шетелге халықаралық Шымкент әуежайынан ұша алады. Себебі SCAT компаниясы тағы да бірнеше бағытқа әуе рейсін ашып отыр. Бұл жолаушылардың Азия мен Еуропа елдеріне тікелей қатынап, ақшасы мен уақытын үнемдеуге ықпал етпек.
Мамыр айының басында көлік министірлігі елімізде бірнеше бағытта әуе рейстері ашылатынын хабарлаған еді. Белгілі болғандай енді халықаралық Шымкент әуежайынан 5 елдің 7 қаласына, яғни Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египетке тікелей рейспен ұшуға мүмкіндік бар. Алғашқы рейс 27 мамыр күні Мюнхен мен Будапешт бағытына ұшады.
ВЛАДИМИР ДЕНИСОВ, SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Осы жолаушылар терминалынан біз 7 жаңа бағытты аштық. Алдағы уақытта шет мемлекеттерге шығатын рейстердің санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Болашақта Ресей, Беларусь елдерімен қатар Еуропаның өзге де мемлекеттеріне және Монғолия мен Жерорта теңізі маңындағы елдерге тікелей рейс ашу ойда бар.
Әуе рейстерінің ашылуы Шымкентке келетін туристердің артуына тікелей әсер етпек. Былтыр қалаға ағылған шетелдік азаматтардың саны 507 мың болған. Көпшілігі Ресей, Өзбекстан және Қытай азаматтары дейді жауаптылар. Жаңа бағытта ашылған рейстердің нәтижесінде келушілер саны еселенбек.
БЕКСҰЛТАН ӘДІЛХАНОВ, ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Осы тікелей әуе рейстерінің ашылуымен Еуропа елдерінен туристердің көптеп келуін күтудеміз. Жыл басынан бері қалаға 6 мыңға жуық шетелдік туристер келген, ол «І qonaq» ақпараттық порталы арқылы алынған мәлімет. Осы бірінші кварталдың қорытындысы бойынша тек туристердің саны. Қазір мамыр айының соңында басталады әуе рейстер. Аптасына бір рет, аптасына екі рет әуе рейстер бар. Ол енді SCAT әуекомпаниясы өзгерістер болуы мүмкін. Аптасына екі-үш рет үшатын әуе рейстер бар.
Қазіргі таңда SCAT әуекомпаниясында 37 ұшақ бар. Оның 22-сі ішкі қатынасты қамтамасыз етсе, қалған 15 ұшақ шет мемлекеттерге қатынайды. Компания башысы биыл 4 жаңа ұшақ сатып алатынын айтса, 2028 жылға дейін әуе бортының санын 50-данаға жетпек.