Шымкенттік түлектерге мамандықты дұрыс таңдау бойынша арнайы форум өтті. Мектептің 9-10-11 сынып оқушыларына арналған мәжілісте ҰБТ дайындық, грант саны көп мамандықтар мен үздік оқу орындары ұсынылды. Шетелдік білім ордаларының біздің еліміздегі филиалдары таныстырылып, балаларға білім көкжиегіне жетелейтін бағыт-бағдар берілді.


 «Таңда. Өзгер. Жасампаз бол». Осындай тақырыппен Шымкентте алғаш рет шымылдық түрген форумға қатысушылардың қарасы қалың. Жиынға түлектермен қатар ұстаздар қауымы мен Жоғары Ғылым және жоғары білім министрлігінен арнайы мамандар шақыртылған. Бәрінің мақсаты бір – түлектерге дұрыс бағдар беру.


ГҮЛНАЗ СҮЛЕЙМЕНОВА БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл жердегі ерекшелік біз 10 ға тарта ЖОО арнайы шақытырып отырмыз. Шетелдік білім негізінде бала оқытып отырған. Олармен қатар биыл жұмысшы мамандықтар жылы болуына орай мынау кәсіптк колледждерді де шақырдық.


Шымкентте 11-сыныпты 16 мыңдай бала тәмамдады. Оларды ҰБТ сынағы күтіп тұр. Осы сыннан кейін білім деңгейіне қарай мамандық таңдайды. Конкурста бәсі жоғары білім ұялары мен сұранысқа ие мамандықтарды таңдау жағы балаларға қиындық тудыруы мүмкін. Бүгінгі жиында осы мәселеге қатысты тұщымды ақпараттар берілді.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл игілікті бастаманың барлығы осы балалардың оқу-тоқуына беріліп отырған мүмкіндік. Сондықтан осы жобаны тиімді пайдаланасыздар деп сенемін.


 Форумда сондай-ақ, шет елге сабылмай-ақ, өз елімізде әлемдік деңгейде білім алуға болатыны айтылды. Осы бағытта мол ақпарат алған түлектердің ендігі мақсаты айқын.


 РАЯН АБЗАЛҚЫЗЫ, ОҚУШЫ

Мен өзім ойландым, ЖОО неге мені таңдауы керек. Мен неге оны таңдамаймын деп. Сондықтан ұғынғаным, білім ордасының қай жерде орналасқаны маңызды емес, маңыздысы сол біз алған білімімізді елімізге сіңіре алғанымызда. Осы бағыттағы мақсатым айқын.


 ЕРКЕМАЙ СЕЙТМАМБЕТОВА, ОҚУШЫ

 Бүгінгі форумның оң әсері болды. Маған жасанды интеллект және осы ІТ технология бағытындағы жобалар қатты ұнады.


Қазақстанда оқытып, шетелдік диплоп беретін оқу орындары көп. Солардың бірі – Қозыбаев Университеті. Оқу орны АҚШ-тің Аризона Университеті арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан қос дипломдық бағдарламалар – қазақстандық талапкерлер үшін халықаралық білім алудың теңдесіз мүмкіндігін ұсынады.


ӘСЕТ ҒАНИСОВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ

Бұл енді қос диплом негізінде жастарға беріліп отырған мүмкіндік. Үш бағыт ұсынамыз. Ол биотехнология бағыты ІТ мамандық және инклюзивті білім беру.


Форумда белгілі болғандай, Шымкентте Аризорна университетімен бірлескен қос дипломдық жоба қолға алынбақ. Әуезов Университетінің базасында жүзеге асырылатын бастама шымкенттік түлектерге шет елдік диплом алуға мүмкіндік бермек.


 РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Шетелдік университеттердің филиалы ашылатын өңірлердің бірі – Шымкент қаласы. Осы қалада Әуезов уинверситетінің базасында Аризона Университетінің филиалы ашылады. Онда мынау жасанды интеллект бойынша балалар білім алатыцн болады. Сондай ақ Ө.Жәнібеков атындағы Университетінің базасында да Туркиялық оу орнының филиалы ашылады.


Бұл күні адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында кәсіби мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылардан диагностикалық тест алынып, арнайы тренингтер өткізілді. Жазғы демалысты оқушының бейінділігіне қарай тиімді ұйымдастыру және тұлғалық дамуы бойынша ұсынымдар берілді.