Шымкенттің түнгі тынысы мәдени іс-шаралармен жанданып, қала тұрғындарының рухани демалысына серпін беріп отыр. «Шымқала кештері» соның жарқын дәлелі. Қала тұрғындары бұл жолы да Шымсити саябағында ұйымдастырылған концертте бас қосты. Ашық аспан астында өткен кеш шымқалалықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.


Саябақ аумағында өткен мәдени кеш түрлі жанрдағы өнер туындыларымен ерекшеленді. Ән мен күй әуелеп, сахнада ұлттық би қойылымдары орындалды. Ашық аспан астындағы шара әр жастағы көрерменге арналған қызықты бағдарламаларымен көпшіліктің көңілінен шықты.


 АСТАНА ҚАРҒАБАЙ, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ӘНШІСІ

Әр сенбі өнер көрсетеміз бізбен бірге болып, көңіл көтеріңіздер.Бүгінде ерекше кеш өтіп жатыр.


 Кешке жиналған қала тұрғындары ерекше әсер алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Көпшілік мұндай мәдени жобалардың отбасылық және достық қарым-қатынасты арттыруға да ықпалы зор екендігін атап өтті.


ЗҮБАЙРА МАТБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Ұйымдастырушыларға рақмет. Отбасымызбен келдік көңіліміз көтеріліп қалды әкімшілікке барлығына алғысымызды айтамын.


 "Шымқала кештері" – шымкенттіктер үшін тек мәдени демалыс қана емес, бірлік пен рухани жаңғырудың айқын көрінісі. Ашық аспан астында өткен осындай кештер қаланың мәдени тынысын жаңғыртып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мамандардың сөзінше, мұндай іс-шаралар жаз бойы жалғасады.