«Шымқала кештері» маусымы шымылдық түрді. Шымкент сити саябағында қазақ ұлт аспаптар оркестрінің шығармалығы паш етілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кешке тілшілер де қатысып қайтты. Бейнесюжетке кезек берсек.


Шымқала кештері мегаполисте дәстүрге айналған кеш. Негізгі мақсаты сол қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлап, ұлттық өнерді паш ету.


 БЕРІК САБЫР, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІІСІ

Жаз айларында қала тұрғындары кешкі уақытта әртүрлі саяжайларда, саябақтарда өткізетіні белгілі. Солкештерде осы тұрғындарға ән сыйлаймыз. Келіп тамашаласаңыздар болады.


 Маусымның ашылуында қазақ ұлт аспаптап оркестрінің шығармашылығы ұсынылып, халық ықыласына бөленді. Көрермендер арасында түрлі ойындар ойнатылды.


 ЖАНАР БЕКСЕЙІТОВА, ҚАЛА ҚОНАҒЫ

 Мынау Түлкібас ауданынан келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Кешкі уақытымыз көңілді өтіп жатыр. Рахмет барлығына


БАҚЫТЖАН АКБАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Рахмет әкімшілікке, барлығына. Тегін концерт. Балалар да мәз. Үлкендер де риазымыз.


 «Шымкент концерт» концерттік ұйымының шығармашылығы әсіресе жас буынның жүрегіне жол тапты. Олар өз қалаларындағы керемет кештен ерекше әсер алғандарын алға тартты.


 ІҢКӘР ӘШІРБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен осы концертке ата-анаммен келдім. Өте ұнады. Қуаныштымын.


«Шымқала кештері» жаз айларында қаланың демалыс орындарында тұрақты түрде өткізілдетін болады. Сенбі-жексенбідегі демалысыңыздың керемет өткенін қалсаңыз, жергілікті өнер иелерінің шығармашылығын тамашалуға асығыңыз.