Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, Тұрар Рысқұлов көшесін егжей-тегжейлі жобалау жасалды. Жаңа бастама халық талқылауына салынып, қоғамдық пікір тыңдалды.


Мегаполистің бас жоспары негізінде Рысқұлов көшесінің бойындағы 10 гектар аумаққа салынатын құрылыстар танысытырылды. Онда әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар бар. Жергілікті тұрғындар өз тарапынан туындаған сауалдарын жолдап, тиісті мамандардан жауап алды. Архитекторлардың айтуынша бұл жұмыстар тұрғындарға ыңғайлы орта қалыптастыру бағытында қолға алынып отыр. Әрі шаһардың шырайын келтіріп, турист тарту бойынша оң нәтиже береді. Егжей – тегжейлі жоспарлау жобасы – елді мекендердің аумақтары мен функционалдық аймақтарының жекелеген бөліктері, сондай-ақ елді мекендерден тыс орналасқан аумақтар үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы. Жоба белгіленген тәртіппен бекітілген Елді мекеннің бас жоспары негізінде әзірленеді. Белгіленген 10 гектар аумақта ендігі жерде «Орда Строй Групп» ЖШС тапсырысы негізінде жұмыс қарқынг алады.