Ордабасы ауданында алюминий профильдерін өндіретін зауыт ашылды. Қытайлық инвесторлардың есебінен салынған заманауи нысан Бадам елдімекенінде орналасқан. Ашылу сатанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың іске қосылуының куәсі болды.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен CENTRAL ASIA ALUMINUM серіктестігінің директоры Сян Гуанжуй жергілікті тұрғындармен бірге зауытыттың лентасын қиып, нысанды іске қосты.


8 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қытайлық мамандар жергілікті тұрғындарды арнайы оқытып, білікті кадр даярлауға әзір.


 ЕРҒАЛИ ҚҰРМАН, CENTRAL ASIA ALUMINUM СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Біз тек қана алюминий профиль өндрмейміз. Біз есікпен терезе өндірмейміз. Сыртқы фасад өндіреміз, сосын алюминиден жасалған үсақ –түйек заттар өте көп. Сол бағытта барлығын өндіреміз. Екінші кезең біде келесі жылы мында көріп тұрғандарыңыздай 8 гектардың жартысын қалдырдық. Екінші кезеңге осындай цех саламыз. 10 мың тонна шығаратын зауыт саламыз. Өкінішке орай Қазақстанда алюминий саласында маман жоқ. Сол үші біз жастарды жұмысқа шақырып отрымыз. Бізде Қытайдың инженерлері үйретіп жатырмыз.


Жобаның алғашқы кезеңіне құйылған инвестиция көлемі 4,4 млрд теңге. Мұнда өндірілген өнім экспортқа шығарылады. Заманауи зауыт соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Менің арманым және мақсатым – Түркістанды дотациялық өңір деңгейінен өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру. Сондықтан облысымызда, оның ішінде Ордабасы ауданында өндірістік жобаларды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Оған толық мүмкіндігіміз бар. Баршаңызды зауыттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!


Екі кезеңнен тұратын жобаның алғышқысы толық аяқталған. Қытайлық инвестор алдағы уақытта 10 мың тонна өнім өндіретін тағы бір зауыт салуды жоспарлапты.


СЯН ГУАНЖУЙ, CENTRAL ASIA ALUMINUM СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

 перевод: 01-23 Компаниямыздың сәтті ашылып тұрақты дамуы облыс әкімдігінің және барлық мемлекеттік органдардың зор қолдауымен қамқорлығының арқасы. Жоба құрылысы барысында жер бөлу, сумен, электрмен қамту жол және инфрақұрылым салу сондай-ақ мемлекеттік қолдау мәселелерінде тиісті органдар жан-жақты көмек көрсетті. Осы қолдаудың арқасында біз қысқа мерзім ішінде құрылысты аяқтап кәсіпорынды іске қоса алдық. Бұл сеніммен қолдау біз үшін үлкен жауапкершілік әрі алға басар қуат.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сала жауаптылары мен кәсіпкерлерге зауыттың жұмысын сапалы үйлестіруді тапсырып, бұл бағытта жан-жақты қолдау болатынын еске салды.