Абайдың «Толық адам» ілімі тағы бір терең зерттеумен толықты. Алматыда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ұлы ақынның 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті. Онда белгілі абайтанушы Жабал Шойынбеттің «Абайдың толық адам ілімінің негіздері» атты кітабының тұсауы кесілді.


Ғылыми еңбек - хәкімнің ар, ақыл, әділет секілді асыл ұғымдарын қазіргі заман биігінен саралауға мүмкіндік беріп, адамзатқа ортақ рухани бағдар ұсынады. Сондықтан, аталған ілімді әр қазақ оқуы тиіс. Себебі, толық адам ілімін меңгерсек, бейбітшілік орнап, экологиялық тоқырауға ұшырамаймыз,-дейді Абайтанушы Жабал Алшынбекұлы.


ЖАБАЛ ШОЙЫНБЕТ, АБАЙТАНУШЫ

 Қазір адам баласы мынау материалдық құндылықтан ең жоғарғы шыңға жетті. Ал, бірақ рухани жағынан азғындауға бүкіл әлемнің ғалымдары зиялы ғалымдары ілім іздеп жатыр. Қайтсек осыдан құтыламыз деп. Міні қараңыздар, бұл мақтаныш емес, бұл нақты ғылыми дәлел. Осы толық адам ілімі бүкіл адамзат баласын тек жақсылыққа үндейтін үлкен бізде жатыр.Оны Абай бүкіл қазақтың бойына сіңіріп, бізге қайта берді.


 Бұдан бөлек, іс-шара аясында «Абай дана, Абай дара қазақта» атты республикалық мүшәйра жеңімпаздары марапатталып, «Ұлы Абаймен үндесу» жыр жинағы да көпшілікке жол тартты. Онда жас ақындардың Абай рухымен үндескен жырлары жинақталыпты.


БАНУ НАРБЕКОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰПУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

 Абай атындағы университетінің түлектеріне біз Абай атамыздың қара сөздерін аманат ретінде ұсынып отырмыз. Олар өмір бойы ертеңгі күні үлкен білім ордаларына барған уақытта сол қаза сөздері тәлім тәрбие айтылған бірнеше қара сөздеріндегі философиясын алып жүреді деген үміттеміз. 


Айта кетейік, 10 тамыз - ұлы ақынның туған күні. Ал, Абай университетінде өткен тағылымды шарада Абай ілімін насихаттауға зор үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен шығармашыл жастар бас қосып, ұлт болашағына рухани серпін беретін игі үрдістің жарқын үлгісін көрсете білді.