Шымкенттің жылыту маусымына дайындығы халық қалаулыларының назарында. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиясы жылу қазандықтары мен құбырлардың жағдайымен танысты. Тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарын көзбен көрді. Қазандықтан шыққан энергияның тұрғын үйге жеткізілуге дейінгі процесін бақылады.


Комиссия жұмысы «Қуат жылу орталығынан» басталды. Мұнда әзірге бес қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Ол Нұрсат шағынауданына жылы су жеткізеді. Қалған үшеуінде қысқы маусымға дайындық қызған. 2015 жылы ашылған орталық табиғи газға қосылған. Резервтік дизель пайдаланылмай, аяқсыз қалған.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

 Бұл бір күнде жасалатын жұмыс емес. Бұған дейін де айтылған бұл кісілерге. Алайда енді қаржылы бар, сметалық құжаттама ісі бар дегендей, кешеуілдеп жатыр. Қалада аяқасты газ болмай қалған жағдайда осы дизельді пайдалануымыз керек. Осы жұмысты қалайда қолға алып, бітіру керек.


 «Қуат» жылу орталығы 217 көпқабатты тұрғын үй мен 11 бюджетті, 33 коммерциялық нысанға қызмет көрсетеді. Сағатына 162 гега жұмыс істейтін орталық жылуды 60 градус (Цельсий) шамасында таратады. Одан тараған энергия үй ішіне 58-59 градус шамасында жеткізіледі.


АЙДАР ҚАЛДЫКӨЗОВ, «ҚУАТ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Орталықта 5 қазандық жұмыс істейді. Оның екеуі ғана қазір іске асырылып жатыр. Ол жылы су жеткізеді. +01:30 162 гега жұмыс істейтін орталық жылуды 60градус Цельсий шамасында таратады


 Аралау барысында халық қалаулылары жылу құбырларын жаңарту жұмыстарымен танысты. Қазір шаһардағы құбырлардың 37 пайызы тозған.


ЕРБОЛАТ МАМЫРХАН, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қазір қалада 27 қазандық, 17 сорғы станциясы бар. 33,3км шақырым қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тозу деңгейі 37 пайызды құрап отыр. Біз осы жөндеу жұмыстарынан кейін сол 36 пайызға түсіреміз деп жоспарлап отырмыз.


 Комиссия мүшелері биылғы қыста шаһар жұрты жылусыз қалмайды деп отыр. Ол үшін сығымдау, тұрғын үйлердегі жүйелерді жаңалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.