Түркістанда қала әкімі жастармен еркін форматта кездесті. «Бүгінгі көшбасшы кешегі тұлғадан үлгі алады» атты басқосудың мақсаты өңірден шыққан көрнекті тұлғалардың өмір жолын үлгі ету. Жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа және белсенді азаматтық ұстанымға баулу болды.
Кездесуге қала әкімімен бірге қалалық мәслихат төрағасы, полиция басқармасының басшысы, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, сарбаздар, студенттер мен белсенді жастар қатысты. Жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, қала басшысынан тікелей жауап алды. Сұрақтар арман мен мақсатқа жету жолдары, табысқа қол жеткізуге арналған нақты кеңестер және «Жастар кеңесін» құру мәселесіне қатысты болды. Ал зиялы қауым өкілдері ұлттық құндылықтарды насихаттау, білім мен тәрбие берудің маңыздылығына назар аударды. Кездесу соңында қала әкімі жастардың бастамаларына қолдау білдіретінін және «Жастар кеңесін» құру – маңызды қадам екенін атап өтті.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Мен Түркістан жастарын мақсаты анық, алдыға қарай жүретін азаматтар мен азаматшалар деп білем. Сол үшін біз патриоттық сезімімізді оятып, жан-жақты дамытып өзімізді ұсыныстар, идеялар болса бірге, бірлесіп жасауға мен шақырам.