Өңір спортшылары Грекияны бағындырды. Афина қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында жүлдегер атанған Бақдәулет Әлімжанұлы мен Бекасыл Мықтыбекұлы туған жерге оралды. Жеңімпаздарды аудан халқы сән-салтанатымен қарсы алды.


 Жас спортшылардың құрметіне арналған жиын Тәуелсіздік саябағында өтті. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай арнайы қатысып, жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтады. Ол өз кезегінде халықаралық додадағы бұл жетістікті – табандылық пен тынымсыз еңбектің, ерік-жігердің жемісі екенін айрықша атап өтті. Чемпиондарға аудан әкімінің құттықтау хаты, аудандық мәслихаттың Алғыс хаты мен аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың атынан қаржылай сыйлықтар берілді. Көпшілік спортшылар мен бапкерге шапан жауып, сәйгүлік мінгізді.