Шымкенттік ғалымдар тыңнан түрен салып, Абай өміріне қатысты жаңа ақпарат анықтады. Айтуларынша хакімнің ұлы Тұрағұл Шымкентте жерленіпті. Өкінішке қарай зиарат орны тегістеліп, бізге жетпеген. Ғалымдар тобын бұл байламға алып келген Тұрағұл әулетінен қалған қабіртас. Тас тұғырға Абайұлы Тұрағұлдан бөлек, келіндері Дәмжан мен Камалия, немересі Әубәкір есімдері де қашап жазылған.
Құлпытасты 1995 жылы Мәкен Тұрағұлқызы жасатып, «Хим Фарм» зауытының қабырғасына ілдірген. Бірақ уақыт өте ескерткіш тақта алып тасталып, өндіріс ошағының қоймасына жөнелтіліпті. Ұзақ жыл шаң басып, тасада қалған құлыптасты 2021 жылы мекеме жұмысшылары кездейсоқ байқап, Абайтанушыларға хабарлаған.
ӘЗІМХАН ИСАБЕК, ЖАС ҒАЛЫМ
– Бекен Жақыпбеков, Аян Тоқсанбаев деген ұлттық рухқа қанып өскен азаматтар хабарласып, мына мәрмәртасты А.Құнанбаевтың немересі М.Тұрғағұлқызы жасатқан еді. – «Сондықтан да сіздер «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығына осыны алңыздар, зерттеу жүргізіңіздер деп өткізіп берген.»
МӘКЕН ТҰРАҒҰЛҚЫЗЫ, А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕСІ
«Абай атам неге осылай жылап кетті.. Қайран елім қазағым қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Өз сөзіңнен басқаны бір ұқпайсың, бірі қана бір май боп енді екі ұртың!»
Ел арасында «Абай ұрпақтары зауыт астында қалған» деген алып-қашпа әңгіме бар. Көпшілік Тұрағұлдың мүрдесі үстіне «Хим Фарм» өндіріс ошағы салынып кеткен деседі. Алайда, ақпараттың қыр-сырына үңіліп, жан-жақты зерттеген ғалымдар тобы мұны жоққа шығарды. Мазар орны зауыттың дәл астында емес, маңайында болған деп топшылайды олар.
ӘЗІМХАН ИСАБЕК, АБАЙТАНУШЫ
– «Хим Фарм» зауоты 18-19 ғасырда салынған. Ал Абай атамыздың баласы 34 жылы қайтыс болған. Кеше он тоғызыншы ғасырда.» «Тұрғұлдың сүйегі зауыттың астында қалып қойған деген тарихи шындыққа жанаспайды»
Ғалымдар Абай ұрпақтарының Оңтүстікке үдере көшуін: қудалау, жер аудару деп түсіндіреді. Тұрағұл әулетінің жерленген орны топшылағанымен, қабірі табылған жоқ. Болжамдағысы «Қасқа» мазары. Зиратта Абай келіні Камалия жерленген. 2022 жылы университет басшылығы мазар босағасына ескерткіш тақта орнатқан.
АБАЙ ҚАРА СӨЗ ЖАЗБАҒАН
Қара сөздері барын Абайдың өзі білмейді. Өйткені Хәкім шығармашылығында «Қара сөз» дейтін еңбек жоқ. «Ақыл и китаб» деп аталатын ой толғамдары 45 емес, 41 болған дейді зерттеуші. Ақжол Қалшабек шәкірті Әзімханмен бірге бұл байламға данышпанның қадым алфабитінде жазылған түпнұсқа еңбектерін зерделеу арқылы келген.
АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, ҒАЛЫМ
– «Түпнұсқада 38-ші қара сөз деп айтылмайды. Түпнұсқада бұл шығарманың жеке тақырыбы бар. Бұл қара сөздерге кірмейді. Абайда жалпы қара сөздер деп аталатын шығарма жоқ.» «Оның бәрі қайдан шығып жатыр, оның бәрі түпнұсқадан шығып жатыр.»