Түркістанда жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өткізді. Отырыста мектептердің инфрақұрылымын жақсарту, жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.


 Білім басқармасының мәліметінше, «Келешек мектептері» жобасы аясында облыста 29 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның 13-і былтыр пайдалануға берілсе, биыл қалған 16-сының құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ осы жылға 41 мектеп реновация тізіміне енген. Жиында өрт қауіпсіздігі, материалдық-техникалық базаны нығайту және кадр мәселелері де сөз болды. Техникалық қызметкерлерді Мансап орталықтары арқылы қабылдау қажеттігі ескертілді. Көтерілген барлық мәселелер облыс әкімінің бақылауында. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы хаттамаға енгізілді.