Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдау орталығындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде өтті.


 Келген азаматтар ғаламтор серверінің заңсыз салынуы, құрылыс компаниясына қолдау көрсету, «Құрметті азамат» атағын беру және жұмыс орнын ауыстыру сынды ұсыныс-өтініштерін жеткізді. Аппарат басшысы әрбір мәселені жеке қарап, заңдылығын түсіндірді. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Айта кетейік, жеке қабылдауға eOtinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазылуға болады.