Әскери өмір әдебиеттен алшақтатпайды. Сарбаздарға күніне 2-3 сағат кітап оқу үшін арнайы уақыт беріледі. Олардың ұлт руханиаятымен сусындап, қазақ жазушыларының шығармашылығын меңгеруге жағдай жасалған. Оған жасөспірімдер кітапханасында өткен жиында тілшілер де көз жеткізді. Абайдың ақындық әлеміне арналған кеште сарбаздар ән шырқап, ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтты.


Абайды танып-білу – әр қазаққа парыз. Хакімнің шығармашылығы адамзатты тәрбиелеп қана қоймайды. Ұлттық болмысты қалыптастырып, рухани кемелденуге күш салады,-дейді аға буын.


ЕСБОЛ АСЫЛБЕК, ҰСТАЗ

Мен өзім 8-9 сыныпта оқығам Абайды. 20-25 жасымда тағы оқыдым. Әр уақытта өзгеше әсер беріп, адамзатты жаңа қырынан тәрбиелейді. Қазір оқсыма мүлде басқаша қабылдаймын. Сондықтан әр жастағы адамды ұлттық тұрғыда кемелденуіне ықпал етеді. Жастарды Абайды оқуға шақырамын.


Жасөспірімдер кітапханасында өткен жиынға сарбаздар арнайы шақыртылған. Әскери өмірдің қыр-сырын меңгеріп жүрген жастар әбеди кеште өз шығармашылықтарын паш етті.


БАУЫРЖАН АҚТАЕВ, САРБАЗ

Мен көп кітап оқимын. Абай жолын жоспарыма қойып отырған сәтімде әскерге кетіп қалдым. Бірақ жұл жақта да кітап оқимыз. Оған арнайы уақыт бөлінеді. Сол жерде қазақ әдебиетін көп оқимыз.


Абай – ұлттың мақтанышы. Оның шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет етеді. Тағылымы терең рухани азықты атадан балаға мұра ету – қоғамның міндеті. Жиында айтылған негізгі ой осыған саяды.