Облыс әкімнің тапсырмасымен шағалалы ауданда су тапшылығы мәселесі жедел шешілді. Бірнеше күн бұрын «Шардара» су қоймасындағы судың төмендеуінен қала мен ауыл тұрғындары ауыз сусыз қалу қаупінде болған еді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған жедел штабтың жұмысы нәтижесінде бас су торабына қосымша насос орнатылып, диаметрі 200 миллиметрлік полиэтилен құбыр тартылды. Осылайша су қоймасынан тікелей қалаға және ауылдарға су жіберле бастады.
ЗҰЛПЫХАР ЖОЛДАСОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Дәл осы жерде су тартатын насос жатыр. Бірақ ол жерден су мүлдем тартылмай жатыр. Кеше қалада мүлдем су болған жоқ. Өйткені қысымның азаюына байланысты су көтерілмеді. Сондықтан бірнеше шешім қабылдадық. Оның біреуі осының үстінен жаңадан турба жасап, тарттық. Қазір қаламыздағы ең маңызды 85 көпқабатты үйге, ауруханаға суды толық жеткіздік. 01-35. Өздеріңіз білесіздер мына судың жағасына техника келу өте қиын. Батпақ болып тұр. Сондықтан көптеген жұмыстарды қолдың күшімен жасадық. Атақты спортшыларымыз бар, көпшілік, жұртшылық болып біраз қолмен жұмыс істегеніміз болды. Одан басқа да дайндықтармыз болды. 85 үйлерге 28 су жинау ыдысы қойылды, 10 су таситын көлік тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Клара апайдың қуанышы – бүкіл тұрғынның қуанышы. Бірнеше күн бұрын алаңдаған жұрт қазір өз үйінде еркін су пайдаланып отыр.
КЛАРА ДЖАВКАЕВА, ТҰРҒЫН
Бізде осы күнге дейін ауыз су тапшылығы болды. Шүкір, шешіліп жатыр. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Осылайша жедел әрекет пен үйлесімді жұмыстың арқасында аурухана, көпқабатты үйлер және барлық шағынаудандар тұрақты сумен қамтылған. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.