Шымкенттік тұрғындар қоқыс тастау мәдениетін меңгеріп, қолындағы қалдықты арнайы жәшікке тастауды үйренген. Есесіне көше бойы мен өзен көл маңында ешқандай қоқыс жатпайды. Бұл «Таза Қазақстан» эко-акциясының нәтижесі. Игі істің жемісті болуына қала жастарының қосқан үлесі зор. Осы орайда Абай саябағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған TazaLike акциясы аясында кездесу өтті. Белсенділер өзара пікір алмасты.


Шаһардың келбетін, шырайын сақтау барлығымызға ортақ іс. Отырған орнымызды, жүрген жерімізді таза ұстау баршаның міндеті. Алайда қолындағы қоқысты кез келген жерге тастап кететіндер қоғамда жетерлік. Оларға қоқыс тастау мәдениетін балабақшадан үйреткен жөн деп санайды ерікті жастар.


КАМОЛА МҰРАТЖАНОВА, «АСАА ЖАСТАР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ

 Бүгін талдарды егіп, және де оларды суарып оынмен оса қалдықтарды жинаумен айналысамыз. АСАА ұйымы Кегок спартакиадасында қоқыстарды жинаумен көмектестік және Дендропаркте талдар ектік. Жастарға насихаттаудың барысында экологияны таза ұстауға біз оларға жол көрсетеміз.


ЫРЫСБЕК ҰЛЫҚБЕК, ЕРІКТІ ЖАС

Қазіргі жастар бізде қоқысқа қатты мән бермейді. Олар көшеге тастап кетуі мүмкін. Егер жақында қоқыс жәшігі болмаса жергетастай салады және мұны көшелерден көріп байқасақ болады. Ал соны тоқтату үшін біз осындай тренингтер өткізуіміз керек, жастарға насихаттауымыз керек. «Жасыл қала» «жасыл қазақстан» деп. Бізде «азақстан -2050», «мәңгілік ел» деген идеология бар. Оның ішінде елімізді таза ұстау деген пункт бар. Яғни біз жастарға үйретуіміз керек. Осындай іс-шаралардан жастар түсіне бастайды.


Жастар ресурстық орталығы Абай саябағына еріктілердің басын қосып TazaLike акциясы аясында кездесу ұйымдастырды. Ел конституциясының 30 жылдығына арналған кездесуде арнайы шақыртылған спикерлер жастарға қоқыс тастау мәдениетін ғана емес, қалдықты реттеп, оған екінші өмір беру жайында сөз қозғады.


АРУЖАН ӘЛЖАН, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаев айтқандай қоқыс мәдениетін тазалау тек қоқысты тазалау тастамау емес, «Таза Қазақстан» акциясы одан кеңірек, ауқымдырақ. Ол жерде біз мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Таза жер ол қоқыс тастамайтын жер деп түсіндіреді. Сондықтан біздер қазір жастарға мәдениетті түсіндіріп жатырмыз. Одан бөлек экологияда өте маңызды дүниенің бірі тек қоқыс қана емес. Экологияны кең түсіндіріп жатырмыз жастарға. Қазіргі таңда бұл келіп отырған еріктілердің барлығы көшбасшылық танытып жүрген жастар. Бұл кісілердің артында қаншама жастар бар еліктейтін. Сондықтан үлгі болатын жастар бас қасында жүрсе ары қарай еретін дөңгелектің барлығы түзу жолға кетеді деп ойлаймын.


Айта кетейік, қазіргі таңда мегаполисте 3000-ға жуық ерікті бар. Олар жыл басынан бері қоқыс полигонына 30 тоннаға жуық қалдық шығарған.