Шымкент еліміздегі ауасы ластанған қалалардың тізіміне енді. Жауаптылар көтерілген индекс деңгейінің сақталуын былтыр Ордабасы индустриялды аумағындағы күкірт шикізатын сақтау қоймасында орын алған өрттің салдарынан көріп отыр. Қалалық Экология департаменті соңғы жарты жылдықты қорытындылап, саладағы проблемаларға қатысты атқарылған жұмыстарды баспасөз конференцисында айтып өтті. Бұдан өзге қандай маңызды тақырыптар қаузалды? Шынар Әуелбай баяндасын...


ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Брифинг барысында шаһар ауасы ластануының негізгі себептері айтылды. Өндіріс ошақтары мен автокөліктердің көптігі және жылыту мақсатындағы жеке тұрғын үйлер санының ұлғаюуы қоса аталды. Қазіргі таңда қалада атмосфера сапасын құртатын бірінші санатқа жатқызылған 40 нысан, екінші санаттағы 142, үшінші санатқа жатқызылған 400-ден аса, төртінші санаттағы 360-тан аса кәсіпорын тіркелген.


 САБЫР БАЛЫБЕК, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 жалпы бірінші санаттағы кәсіпорындар химиялық өндіріс секторы 11 пайызды құраса, құрылыс секторлары 22,2 пайыз, жылу энергетика секторы 2,7 пайыз, мұнай газ секторы -2,7, комуналдық шаруашылық -5,5 пайыз, тағамдық сектор -13,8, металургия секторы-27,8 пайыз. Басқа да экоомикалық секторларда 11, 1 кәсіпорындары жатады.


Автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатпаған мекемелер де бар болып шықты. Кейінгі жарты жылдағы тексеріс нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталып, айыппұл салынды.


САБЫР БАЛЫБЕК, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Жалпы 44.05 мың тонна шығындыларының 25,698 тоннасы 60 пайызы Шымкент қаласында орналасқан 4 ірі кәсіпорынға тиесілі. Атап айтқанда, ПетрОйлПродакст Шымкент цемент ЖШС, Энергоорталық. 06:38 + 07:57 Жоспардан тыс тексерістің нәтижесінде дұрыс емес ақпарат бергені үшін де әкімшілк жауапқа тартылды. Шымкент цемент ЖШС мониторинг жүйесінде істен шығу салдарынан да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңбұзушылықтар анықтаған. 


ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Бұдан бөлек, департамент Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші ауданы прокуратурасымен бірігіп, рұқсат етілмеген жерлерде заңсыз қоқыс үйінділерін тастаған 35 орынды анықтаған. Сонымен қатар көліктердің шығындыларын бақылау бойынша рейдтік шаралар ұйымдастыру, қала аймағынан ағып өтетін су объектілері, коммуналдық қалдықтарды сұрыптау да назарға алынды.