Түркістанда жыл басынан 750 млн теңге қарызы бар борышкер анықталған. Бұл туралы қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілген «Борышкер» профилактикалық рейдтік шарасы барысында белгілі болды. Олардың қатарында өз баласына алимент төлеуден жалтарғандар мен мемлекет мүддесіне ұзақ мерзім бойы қарызын өтемей жүргендер бар. Рейд барысында 20 автокөлік айыптұраққа қойылып, 314 560 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.


ЕЛНҰР ТҰРҒЫНБАЙ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Алдағы уақытта дәл осындай профилактикалық іс-шаралар қала прокуратурасы мен уәкілетті органдармен жиі өткізілетін болады.