Өткен сенбіде елімізде жалпыреспубликалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті. Бастама аясында Шымкентте де кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға аудан тұрғындары, коммуналдық мекеме қызметкерлері, балабақша мен мектеп ұжымдары қатысты. Тазалық акциясына әкімдік қызметкерлері де жұмыла атсалысты.
АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Әркім өз ауласын таза ұстауы керек. Осы жерде қаншама адам сол қоқыс тазалау үшін жиналып отыр.
“Таза Қазақстан” – тазалық науқаны ғана емес, бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ортақ жауапкершілікке үндеу. Табиғат — баршамызға ортақ, оны таза ұстау — әр азаматтың міндеті,-дейді аға буын.
ӘБДІРАХМАН КҮЗЕРОВ, АРДАГЕР
Аумақтардағы қураған шөптер орылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді.
Сенбілікке атсалысқандарға әсіресе коммуналдық мекеме қызметкерлері разы. Олар қаланы күн сайын тазалағымен сенбілік жұмыстардың орны бөлек,-деп отыр.
ГҮЛИПА СЕЙІТҚҰЛОВА, КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Мына жастарға айтарым, қаланы таза ұстайық. Таңертең қолымызға шелегіміз бен сыпыртқымызды ұстап шығамыз. Тазалаймыз.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық акция аясында Шымкентте жыл басынан бері 26 тонна қоқыс шығарылған. Оған түрлі мекеме қызметкерлерімен қатар 3 мыңдай ерікті жас жұмылдырылған. Кезекті шарада бір ғана Қаратау ауданынан 550 қызметкер мен 60-70 техника жұмыс істеді.