Абай тойымен қатар құрылысшылар күні қоса атап өтілді. Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде мәртебелі маман иелеріне арналған көрме ұйымдастырылып, талай жылын осы салаға сарп қылған ұстаздар білімгерлерге кірпіш қалау, плитка қаптау, сылақ жұмыстары бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Ал, студенттер өз кезегінде халықаралық WorldSkills байқауына ұсынатын архитектуралық макеттерін ұсынды .
Нұрмахан Қалабаев отыз жылдан аса уақытын құрылыс саласына арнаған. Ол еңбек жолындағы 20 жылын алып ғимараттар мен күрделі құрылыс саналатын стартегиялық нысандар салуға жұмсаған. Жасы 65-тен асса да сүйікті кәсібінен әлі қол үзбепті. Соңғы 10 жыл білім ордасында тәлімгерлік етіп жүр.
НҰРМАХАН ҚАЛАБАЕВ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ
Құрылыс –өмірі өшпейтін жұмыс.Жақсы дамыған, барлық уақытта да жүріп жатады. Құрылышысшы мамандығы ең қазіргі уақытта ең қажетті мамандықтың бірі деп есептеледі.Бізде жылына 1 группа таз құрылысшы мамандығы бойынша келеді. Группа өзі 25 болуы керек. 2-ге бөлініп, жұмысты жүргіземіз.
Ал, көрмеде қатысушылар құрылыс саласының заманауи үрдістері мен мамандық таңдаудың маңызы, еңбек нарығындағы сұраныс пен шығармашылық әлеует туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
ГАУХАР МАДИЯРОВА, ОҚЫТУШЫ
Негізінен осы жұмысшы біліктілдігін беріуі үшін 3-ші курстың студенттерін сылақшы біліктілігін алу үшін демо емтихан тапсырылады. Олар сол емтиханның нәтижесімен си а ес бағдарламасы бойынша бағаланып, баға қойылады. Сертификат беріледі. Ғимараттар мен құрылыс салу бойынша байқауларға қатысып тұрады.
Бүгінде аталған колледжде құрылыс мамандығы бойынша 60-тан аса, архитектура мамандығында 55 бала білім алып жатыр. Білім қабырғасындағы студенттердің жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Жылда өткізілетін жұмысшы мамандардың Халықаралық жарысы – WorldSkills-ке тұрақты түрде қатысып, олжалы қайтады.